Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов жұмыс сапарымен Сандықтау ауданына барып, жастардың бос уақытын өткізу орталығының құрылысымен танысты.
Нысанның салуына облыстық бюджеттен қаражат бөлінген, жұмыстар 2022 жылы басталды, соманың көп бөлігі биыл бөлінді, қазір қабырғаларды кірпішпен қалау жұмыстары жүргізілуде. Кешенді биыл тапсыру жоспарлануда.
Сандықату ауданының әкімі Ербол Жүсіповпен және аудандық мәслихат төрағасы Гүлнар Мұстафинамен кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, депутаттардың жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтастық мәселелері және ауыл тұрғындарының проблемаларын шешудің тиімділігі талқыланды.
Облыстық мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіповтің Сандықтау аудандық мәслихатының депутаттарымен кездесуіне депутат Марат Оразалиннің де қатысқан болатын. Әріптестермен айтарлықтай кеңейген өкілеттіктер тізімін, депутаттық қызметті күшейту жөніндегі ұсыныстарды талқылай отырып, олар халықтан келіп түсетін ең өзекті мәселелерді шешу үшін бірлескен іс-қимыл жоспарларын нақтылады.
Сондай-ақ, Бейбіт Айтымұлы «АMANAT» партиясының аудандық филиалында азаматтарды қабылдады. Қоғамдық қабылдау бөлмесіне жүгінген сандықтаулықтар кентішілік жолдарды жөндеу, орта медициналық персонал үшін жалға берілетін тұрғын үй құрылысына қаражат бөлу мәселелерін көтерді. Барлық өтініштер бақылауға алынып, депутаттармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шешілетін болады.
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.