Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көп мәселе медиацияға келіп тіреледі - АРҚА АЖАРЫ

Көп мәселе медиацияға келіп тіреледі

Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында медиацияны дамыту мәселелері талқыланды. Бизнес, мемлекеттік органдар, сот жүйесі өкілдерінің қатысуымен конференция өткізуге «Халықаралық келіссөздер академиясы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі бастамашы болды.

Медиация дауларды шешудің балама әдістерінің ең көп таралған түрлерінің бірі екені белгілі. Процесс тараптардың қақтығыс деңгейін төмендетуге бағытталады және тараптардың татуласу туралы келісім арқылы дауларды шешуін көздейді.

–Қазақстанда медиация тәсілі қарқын алып келеді. Осыған байланысты елдегі медиацияны дамыту перспективалары және оны қолдану саласы туралы жұртшылықты хабардар етудің шұғыл қажеттілігі туындап отыр. Бүгінгі конференция дәл осы мақсатта ұйымдастырылды, – деп атап өтті «Халықаралық келіссөздер академиясы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Сабыржан Қалмұхамбетов.

Конференция спикерлері медиация арқылы сот істерін оңайлату, оны тұтынушылардың құқығын қорғаудағы кезең ретінде қолдану, сондай-ақ, ең бастысы, бизнестегі медиация туралы кең ақпарат берді.

–Медиацияны қолданудың негізгі факторларының бірі – соттарға түсетін жүктемені азайту. Бүгінде бір судьяға айына 70-90 іс жүктеледі. Бұл ретте қабылданатын шешімдердің сапасы, бизнес өкілдері, дауға қатысушылардың қанағаттануы көп нәрсені қалайды, – деп толықтырды өз сөзін жоғарыдағы қауымдастық кеңесшісі Азамат Нұрлыбеков.

Осы ретте, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік органдар мен бизнестің қатысуымен татуластыру рәсімдері саласындағы өзекті мәселелерді шешуге ықпал етеді. Оның қызметінің негізгі бағыттарының бірі – кәсіпкердің құқығы мен мүддесін қорғау. Бізге сотқа дейінгі тәртіпте шешетін осындай өтініштер жиі келіп түседі. Мұндай рәсімнің мақсаты тараптардың жанжал деңгейін төмендету және екі тарапқа да сәйкес келетін дауды шешудің осындай нұсқасына қол жеткізу. Алайда, кәсіпкерлік субъектілері сот істеріне жиі тартылады, мемлекеттік органдар бұл институтты елемейді. Соттардың қолымен дауды шешуге тырысады. Осылайша соттардың жүктемесі артады», – деп атап өтті Өңірлік палата директорының орынбасары Расул Сыздықов.

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының алаңында «Атамекен» ҰКП арнайы кабинеті жұмыс істейді. Ол мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында даулы жағдайлар туындаған кезде Өңірлік палата сарапшыларының бизнес субъектілеріне консультациялық-құқықтық көмек көрсетеді. Осы орайда, өңірлік бизнес-омбудсмен кеңсесі мен кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қабылдауы аптасына екі рет өткізілетінін де еске саламыз.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар