Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жер заңнамасының тетіктері қаралды - АРҚА АЖАРЫ

Жер заңнамасының тетіктері қаралды

Бурабай ауданының орталығы Щучинск қаласында судьялар жер мәселелерінің заңдық тетіктерін талқылау бойынша екі күндік өңірлік семинар өткізді. Семинарды Ақмола облыстық соты және Герман қоғамының Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі өңірлік бағдарламасы (GIZ) ұйымдастырды.

«Жер дауларын шешу кезінде ӘРПК қолданудың өзекті мәселелері» тақырыбымен өткен семинарға Әзірбайжан Республикасы мен Қазақстан Жоғарғы Соттарының, Астана қаласы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары соттарының судьялары және «Орталық Азиядағы құқықтық мемлекеттілікке жәрдемдесу» Герман қоғамының Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі өңірлік бағдарламасының (GIZ) халықаралық сарапшылары қатысты.

Семинарға қатысушыларды Ақмола облыстық сотының төрағасы Арман Жүкенов, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Сембек Баймаханов, Қазақстандағы GIZ өкілдігінің басшысы, Берлин қаласы әкімшілік сотының судьясы, құқық докторы Йорг Пуделька, Қазақстандағы GIZ құқықтық жобасының үйлестірушісі, заң ғылымдарының кандидаты Алмат Ғаббасов, Әзірбайжан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Саяд Каримов құттықтап, баяндама жасады. Ақмола облыстық сотының төрағасы Арман Жүкенов семинар жер заңнамасына түзетулер енгізу қарсаңында өткізіліп жатқанын атап өтті. «Ақмола облысында әрбір бесінші әкімшілік іс жерге қатысты, талап қоюлардың 57 пайызы қанағаттандырылды. Бірыңғай сот тәжірибесін қалыптастыру мақсатында сындарлы диалог пен семинарға қатысушылардың бірлескен жұмысының нәтижесінде судьяларға арналған ұсынымдар әзірленетін болады» деді ол.

Қазақстандағы GIZ өкілдігінің басшысы, Берлин қаласының әкімшілік сотының судьясы Йорг Пуделька Германияның құрылыс және жер заңнамасы мысалында мәжбүрлеу туралы талап қоюды қарау әдістемесімен бөлісті.Жер заңнамасын қолданудың жекелеген мәселелері бойынша сот тәжірибесі туралы ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Шолпан Даниярова сөз сөйледі.

Әзірбайжан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Саяд Каримов Әзірбайжандағы жер дауларын қарау кезінде әкімшілік құқық қағидаттарын қолдану жөнінде айтты.  Еліміздің бес өңірінің судьялары объектілерді салу кезінде жер пайдаланушылардың құқықтарын бұзғаны үшін мемлекеттің жауапкершілігі, ӘРПК шеңберінде жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау нәтижелеріне дау айту, жер учаскелеріне құқықтарды тоқтату кезінде сенім құқығын қорғау қағидатын сақтау, ӘРПК-нің қағидаттарын қолдану және жер дауларын қарау барысында туындайтын басқа да мәселелерді талқылады.

Сот шешімдері мысалында жер дауларын қараудың проблемалары туралы сарапшы, Қазақстандағы GIZ құқықтық жобасының үйлестірушісі, заң ғылымдарының кандидаты Алмат Ғаббасов сөз сөйледі.

Семинарды қорытындылай келе, қатысушылар кездесу пайдалы болғанын және талқылау құқық қолдану тәжірибесінің сапасына оң әсерін тигізетінін атап өтті. Бұдан бөлек, барлық сөз сөйлеулер, сұрақтар мен жауаптар ұсыныстарды әзірлеуде ескеріліп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотына жолданатын болады.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар