Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қылмыстық істерді тергеу жан-жақтылықты талап етеді - АРҚА АЖАРЫ

Қылмыстық істерді тергеу жан-жақтылықты талап етеді

Ақмола облыстық прокуратурасында облыс прокурорының бірінші орынбасары Владимир Малаховтың төрағалығымен ведомствоаралық кеңес өтті. Онда 2023 жылғы қылмыстық істерді тергеу кезіндегі бұзушылықтар мен проблемалық мәселелер талқыланды.

Кеңес жұмысына Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасының төрағасы Р.А.Даминов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары К.Қ.Қабылбеков, Ақмола облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті бастығының орынбасары Р.А.Серғазин, полиция департаменті құрылымдарының басшылары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысы бойынша департаменті тергеу басқармасы басшысының орынбасары Б.Ж.Мырзағұлов, сондай-ақ, құқық қорғау органдарының тергеушілері қатысып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салды.

Кеңеске қатысушылар бірыңғай шешім қабылдау жолдарын қарастыра отырып, тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде туындайтын өзекті мәселелерді талқылады.

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар