Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлттық банк екінші жартыжылдықта базалық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігін қарастырады - АРҚА АЖАРЫ

Ұлттық банк екінші жартыжылдықта базалық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігін қарастырады

Еліміздегі ақша-кредит саясаты инфляцияның одан әрі баяулауына ықпал етеді. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2023 жылдың мамыр айында жылдық инфляция біздің болжауымызға сәйкес наурыз айында басталған төмендеу үрдісін жалғастырып, 15,9%-ды құрады. Азық-түлік инфляциясы 16,5%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар инфляциясы 17,2%-ға, сервистік инфляция 13,5%-ға дейін баяулады. Әлемдегі азық-түлік бағасының төмендеуінен және Қазақстанның сауда-серіктес елдерінде инфляцияның айтарлықтай баяулауы әсерінен сыртқы сектордың бағаларға қысым көрсетуі біршама әлсіреді», — Ғ. Пірматов.

Оның айтуынша, жүргізіліп отырған ақша-кредит саясаты елдегі инфляцияның одан әрі баяулауына ықпал етеді.

«Біздің жаңартылған болжамдарымыз бойынша, 2023 жылы жылдық инфляция 11-14% шегінде қалыптасып, 2024-2025 жылдары одан әрі баяулайды. Реттелетін қызметтерге тарифтердің ұлғаюына қарай және жанар-жағармайдың қымбаттауы баға деңгейіне тікелей әрі жанама әсер етуіне байланысты инфляция бойынша болжам өсу жағына қайта қаралды. Ұлттық банк екінші жартыжылдықта базалық мөлшерлемені бірқалыпты және байыппен төмендету мүмкіндігін қарастырады», — деді ҰБ басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар