Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тауар бағасы партия назарында ! - АРҚА АЖАРЫ

Тауар бағасы партия назарында !

«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалы жанындағы азық-түлік және халық тұтынатын тауарлар бағасына мониторинг жүргізетін қоғамдық топтар өңірдің әр ауданында қарқынды жұмыс істеп жатыр.

Мәселен, бүгін мониторингтік топ Көкшетау орталық базарындағы азық түлік бағасын тексерді. Талдау көрсеткендей, 9 маусыммен салыстырғанда  аз болса да бағаның төмендеуі тіркелген. Картоп 10 теңгеге, сүзбе 82, қырыққабат 17 , қант 7 , жұмыртқа 27 , қарақұмық 18 теңгеге арзандаса,  ұн бағасының шамалы артуы байқалған. Сондай ақ, күнбағыс майы 5 тг, тауық 3 тг, сәбіз 10 тг, күріш 11 теңгеге артқан. Қалған өнімдерге баға өзгерген жоқ. Мониторингтік топ мүшесі Бауыржан Ыбыраев, бағаның өсуінің негізгі себебі өндіріс шығындарының өсуіне, жанар жағармайдың, байланыс көлігі құнының өсуіне байланысты тауар өндірушілер де өз бағаларын шамалап өсірген дейді.

Ағымдағы жылдың 19 наурызынан бастап мониторингтік топтар «AMANAT»  партиясының аумақтық филиалдары жанынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына 418 мониторинг жүргізген. Тауарлардың кейбір түрлеріне салыстырмалы түрде төмен бөлшек сауда бағалары анықталды. Мониторингтік топ сол жерде Қазақстан Республикасының Сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының талаптары түсіндіріп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15% – дан асқаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертті.

 «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының Партиялық бақылау космиссиясы атап өткендей, сауда нысандары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіндегі 19-ының бағасы өсуіне жол бермеуі тиіс. Олай болмаған жағдайда олар Бәсекелестікті қорғау агенттігі немесе Тұтынушыларды қорғау комитеті сияқты құзыретті мемлекеттік органдардан айыппұл арқалауы мүмкін.

Жалпы, облыс бойынша  мониторинг және қадағалау жүргізетін  партиялық мониторингтік топтар дәрі-дәрмектер мен жанар жағар май бағаларын да тексереді. Тексерістен соң,   әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасының өзгеруі туралы ақпарат «AMANAT»-тың аумақтық филиалдары жанындағы Партиялық бақылау комиссияларының отырысында қаралады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар