Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Күн тәртібінде – өзекті мәселелер - АРҚА АЖАРЫ

Күн тәртібінде – өзекті мәселелер

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіповтің Жақсы аудандық мәслихатының депутаттарымен кездесуі екі сағатқа созылды. 

Дөңгелек үстелде бірлескен жұмыс жоспарлары, халық қалаулыларының мұқият назар аударуын және облыстан трансферттерді бөлуді талап ететін ең өзекті мәселелер талқыланды. Кездесуге Жақсы ауданынаноблыстық мәслихаттың депутаты Қайыржан Құсайынов та қатысты.

Сондай-ақ, Жақсы ауданына жұмыс сапары аясында Бейбіт Айтымұлы «AMANAT» партиясының аумақтық филиалында жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдады. Аудан тұрғындарының өтініштері ауыз судың сапасына, аудандық аурухананы медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге қатысты болды. Осы сұрақтар бойынша жауапты мемлекеттік органдардың басшылары өз түсініктемелерін берді.

–Депутаттар мен жергілікті атқарушы органдардың ортақ күш-жігерімен және облыс әкімдігінің қолдауымен бұл мәселелер оң шешілетініне сенімдімін», – деп қорытындылады өз жұмыс сапарын облыстық мәслихат төрағасы.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Жақсы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар