— Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігі Қазақстан азаматтарын Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарына барудан бас тартуын ескертіп, үндеу жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарында орын алып отырған қауіпсіздік жағдайларына байланысты, аталған аймақтарға барудан бас тартуды сұраймыз.
Ресей Федерациясында, әсіресе Украинамен шекаралас аймақтарда жүрген еліміздің барлық азаматтарынан Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде консулдық есепке тұруларыңыз міндетті түрде ұсынылады (консулдық есепке сілтеме бойынша онлайн тұруға болады).
Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтарына бар қажетті көмек пен қолдау көрсетілетін болады.
ҚР РФ Елшілігінің жедел желі телефоны: +7-925-897-71-14» делінген Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігі жолдаған ресми хабарламада.