Облыстық мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіповтің Ерейментау ауданына жұмыс сапары осы жердің халқы қаншалықты белсенді екенін тағы да көрсетті.
«AMANAT» партиясының аумақтық филиалына азаматтарды қабылдауға 10-ға жуық елді мекеннің: Қойтас, Еңбек, Еркіншілік, Олжабай, Тайбас, Бостал, Торғай, Новомарковка, Ақмырза ауылдарының және Ерейментау қаласының тұрғындары келді.
Олар депутаттық корпуспен бірлесіп жергілікті атқарушы органдар шешуі қажет көптеген мәселелерді көтерді. Бұл азық-түлік пен дәрі-дәрмектерге баға белгілеу, жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі. Мысалы, Еңбек ауылының тұрғындары көтерген теміржол өткелін салу мәселесі Бейбіт Айтымұлының Ерейментауға жуырдағы жұмыс сапарында талқыланған болатын. Мәслихат төрағасы бүгінгі күні көпір салуға ЖСҚ әзірленіп жатқанын жеткізді. Сондай-ақ, тұрғындар бірқатар күрделі жөндеуді қажет ететін әлеуметтік нысандарды атады: білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелері.
Мұқтаждар үшін жалға берілетін тұрғын үй құрылысының қажеттігі туралы мәселе көтерілді. Несиелік және қайтарымдық негізде салынған 45 пәтерлі үй, өкінішке орай, жартылай бос күйінде қалып отыр. Бүгінде онда тек 12 отбасы тұрады.
«Әкімдіктер мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері жергілікті қоғамдастықпен тығыз жұмыс істеп, әр ауыл тұрғындарын жүргізіліп жатқан және жоспарланып отырған жұмыстар туралы дұрыс ақпараттандыруы қажет деп ойлаймын. Өйткені, облыстық қазынадан Ерейментау ауданын дамытуына жыл сайын қомақты қаржы бөлінуде», – деп атап өтті Бейбіт Жүсіпов.
Ерейментаулықтар белгілеген проблемаларды шешу жолдарын, депутаттық корпустың жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл мәселелерін, «AMANAT» партиясы депутаттарының бірінші республикалық форумында қойылған міндеттерді іске асыру аясында сайлаушылармен жұмыс істеуді областық мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіпов Ерейментау аудандық мәслихатындағы әріптестерімен талқылады. Халық қалаулыларымен, олардың ішінде облыстық мәслихатының депутаты Бекім Әкімовпен, әңгіме ашық болды. Бейбіт Айтымұлы сұрақтарына жауап берді, депутаттық корпустың алдында тұрған міндеттерді белгілеп, әрқайсысының оларға сенім білдіріп, өкілетті органға сайлаған халықтың алдындағы жеке жауапкершіліктерін еске салды. Сондай-ақ, «AMANAT» партиясының өңірлік Жол картасының негізгі бағыттары талқыланды, оны іске асыру шеңберінде ауыл тұрғындары көтерген көптеген проблемалық мәселелердің шешімін табуға тиіс деп аталды.
Мәслихат төрағасы Б. Жүсіповтің жұмыс сапары Ақмырза ауылының тұрғындарымен кездесумен жалғасты, онда да көптеген проблемалық тақырыптар айтылды. Ең бастысы – сумен жабдықтау желілерін салу қажеттілігі. Бұл мәселе облыс әкімдігінің, депутаттардың және «AMANAT» партиясының облыстық филиалының бақылауында. Сонымен қатар, Ақмырза ауылының тұрғындары ғимараттары бос және мақсатына сай пайдаланылмайтын бұрын жекешелендірілген әлеуметтік нысандарды (дүкен, балабақша) мемлекеттік меншікке қайтару мүмкіндігін қарастыруды сұрады. Өкінішке орай, жергілікті шаруашылық кәсіпорнының құрылтайшылары инфрақұрылымды дамытуға, ауылды қолдауға тиісті көңіл бөлмейді деп айтылды.
Ақмырза ауылында жайылымдық жерлер тапшылығы бар, ауыл тұрғындары мал жаюға арналған аумақты ұлғайтуды сұрайды, бірақ егіншілермен компромисске келу әлі мүмкін емес. Малды айдау пунктіне өткізу үшін ауылға жаңа көпір қажет.
«Бір сөзбен айтқанда, тақырыптық әңгіме болды. Біз барлық мәселелерді міндетті түрде облыстық мәслихат депутаттарымен талқылаймыз, жұмыс сапары қорытындысы бойынша бейінді талқведомстволарға сауалдар дайындалатын болады», – деп түйіндеді Бейбіт Айтымұлы.
Қарлыға МУХАТАЕВА,
Ақмола обыстық мәслихатының баспасөз хатышсы.