Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сақтандыру төлемдерін алу жеңілдетіледі - АРҚА АЖАРЫ

Сақтандыру төлемдерін алу жеңілдетіледі

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облысы құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті басқармасының бастығы Ақыл Қарпықбаев жол-көлік оқиғалары кезінде сақтандыру сыйақысын төлеуді жетілдіру мәселесі  жөнінде  брифинг өткізді.

Биылғы жылы бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті электрондық қылмыстық іс жүйелерін, әкімшілік іс жүргізулердің, тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімін және талдау орталығын жетілдіру бойыншажіті жұмыс жүргізуде. Мұндағы басты мақсатазаматтардың құқықтарын қорғау, сот төрелігіне жылдам қол жеткізуді және процестердің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

−Бүгінгі таңда жол-көлік оқиғалары  салдарынан сақтандыру ісі басталған кезде азаматтардың сақтандыру төлемдерін алу процесін дебюрократизациялау шеңберінде әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілім жүйесі Мемлекеттік кредиттік бюроның ақпараттық жүйесімен іске асырылды.  Аталмыш жүйе әкімшілік істерді электрондық форматта жүргізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ, бұл процесті автоматтандыру жол көлік оқиғасы кезінде сақтандыру төлемдерін алу уақытын едәуір қысқартады. Енді азаматтарға  жол-көлік оқиғасы нәтижесінде сақтандыру төлемдерін алу үшін тиісті материалдарды ұсынбай сақтандыру компанияларына жүгіну жеткілікті. Мұндай іс-шаралар мемлекеттік органдар қызметкерлерінің уақыты мен ресурстарын үнемдейді, азаматтар үшін әуре-сарсаңды болдырмайды, ал, прокурорлар қадағалауды онлайн режимде жүзеге асырады. Сондай-ақ, ол мемлекеттік органдардың қажетті базаларымен интеграцияланған. Азаматтың жеке сәйкестендіру нөмірін  немесе авто нөмірін енгізіп, заң бұзушы туралы барлық ақпаратты білуге болады, – деп атап өтті Ақыл Қарпықбаев.

Азамат банктік картаны, сондай-ақ, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, айыппұлды жергілікті жерде төлей алады.

Осыған орай, ағымдағы жылдың  1 наурызынан бастапполиция қызметкерлері соттың қарауына әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді электронды түрде жіберуге көшті.Сонымен қатар, істерді барлық уәкілетті мемлекеттік органдардың сотына электрондық жолдау әдісіне көшу жоспарлануда.

−Алға қойылған міндеттерді ескере отырып, Комитет мемлекеттік органдардың қызметін толық цифрландыру, азаматтардың проблемаларын уақытылы шешу бойынша «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» саясатын іске асыру, сондай-ақ, әкімшілік салада шынайы құқықтық ақпаратты қамтамасыз ету үшін әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімін дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыруда, − деп түйіндеді өз сөзін спикер.

Жалпы, ағымдағы жылы Ақмола облысы бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі арқылымемлекеттік кредиттік бюроның ақпараттық жүйесіне жол фактілері бойынша 204 әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар жолданды.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар