Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Астанада Орталық Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық форумы басталды - АРҚА АЖАРЫ

Астанада Орталық Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық форумы басталды

– Бүгін елордада «Өзгермелі әлемдегі Азия: Болашақтың күн тәртібі» тақырыбы бойынша Орталық Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық форумы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара барысында сөз алған Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Азиядағы саяси және экономикалық мәселелерді талқылап, өз ұсынысын білдіру үшін Астанаға жиналған сарапшыларға алғыс білдірді. Сонымен қатар ведомство басшысы форумның қатысушыларына арналған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың хатын оқып берді.

«Құрметті форум қатысушылары! Мен Сіздерді елордада өтіп жатқан жоғары деңгейдегі шарада қарсы алғаныма қуаныштымын. Қазіргі күрделі жаһандық жағдайда сарапшылар қауымдастығымен тікелей әрі ашық диалог орнату аса қажет болып отыр. Бүгінгі таңда әлем бұрын сонды болмаған қиыншылықтарға тап болды. Біз жаһандық экономика тұрақсыздығының, өсіп келе жатқан геосаяси шиеленістің куәсі болып отырмыз. Осы мәселелер белгісіздік пен өзге де идеологиялық салдарға алып келеді. Дегенмен кең ауқымды дағдарыстар әлемдік қауымдастық үшін, оның ішінде Азия үшін мүмкіндік ұсынады. Сондықтан біз бірлескен күш-жігерімізді қауіпсіз, әділ әлем құрудағы сындарлы идеялар мен тың тәсілдерді табуға бағыттауымыз маңызды. Сондықтан саясаттанушылар, экономистер, жетекші сарапшылар, белді сараптамалық орталықтар және ғылыми-зерттеу иституттары бұл процесте шешуші рөлге ие», — делінген Мұрат Нұртілеу оқып берген Президенттің хатында.

photo

 

Форумға Азия елдерінен келген 60-тан астам сарапшы қатысып жатыр.

Айта кетейік, аталған шара ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты және Сыртқы істер министрлігінің бірлесіп ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар