Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ескерткішсіз ел, тарихсыз жер жоқ - АРҚА АЖАРЫ

Ескерткішсіз ел, тарихсыз жер жоқ

Ескерткіштер – елдің, халықтың мәдени мұрасы. Ұлы даламыздағы тарихи-мәдени ескерткіштер – ұлтымыздың байлығы. Халқымыздың өткенінен сыр шертетін қастерлі мұра, ұлттық тари­хымыз бен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады. Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертеді. Ол – халықтың ұлттық байлығы ғана емес, сол елдің өткені мен бүгінін саралауға мүмкіндік беретін маңызды құрал. Ескерткіштер – көне тарихтың куәсі.

Ақмола облысы мәдениет басқармасының Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы жүргізілген мониторинг нәтижесінде аймағымызда 1663 ескерткіш пен тарих және мәдениет объектісі бар, оның ішінде 5 республикалық маңызы бар, 1034 жергілікті маңыздағы  және 624 алдын ала есепте тұрған ескерткіш бар екендігін анықтады. Сондай-ақ, Ақмола облысы бойынша 44 киелі объекті, оның ішінде 10 жалпыұлттық және 34 аймақтық маңызды объекті бар. Осы бағыттағы үгіт-насихат жұмыстары барысында мекеме жыл сайын түрлі жобалармен жұмыс жасап, іс-шаралар өткізеді.Мәдени-тағылымдық іс-шараны өткізудегі мақсат –өлкеміздің тарихирухани мұраларын көздің қарашығындай сақтау, осы арқылы жас­тардың Отанға, елге, жерге деген патриоттық сезімін арттыру, оларды ескерткіштер мен тарихи жәдігерлерді сақтауға үйрету болып саналады.

2023 жылы да осы мақсатта әртүрлі іс-шаралар өткізіліп келеді. Мысалы,Көкшетау қаласының оқу орындарында Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойына арналған«Сұлтан Бейбарыс – Мысыр билеушісі» атты дөңгелек үстел, әнші-композитор, ақын Ақан Қорамсаұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Ел еркесі – Ақан сері» атты акция,31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Мәңгілік мұң – шерлі шемен» тақырыбында акция, Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалық шақ» суреттер байқауы, халық композиторы, ақын Иманжүсіп Құтпанұлының құрметіне «Айтулы ер – Иманжүсіп» атты тарих сабағы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің тарих факультеті студенттерінің қатысуымен «Тәуелсіздік» монументінің жанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы» акциясын атап өтуімізге болады.

Облысымызда өткенімізден сыр шертетін, дара тұлғалар өмірінен тың мағлұмат беретін, тарихымыздың өшпес бір бөлігіндей саналатын ескерткіштер жеткілікті. Бұл кейінгі ұрпаққа танымдық тұрғыдан өнегелі тәрбие беретін асыл мұрамыз. Осындай іс-шаралар арқылы жас ұрпақты тарихи құндылықтарымызбен таныстырудың өзі оларды тарихи ескерткіштеріміз бен мәденимұраларымызды қастерлеп сақтауға, құрметтеуге шақыру болып саналады. Демек, алда да осы бағыттағы жұмыстарды әлсіретпей, қайта жандандыра түсу басты міндетіміз екенін естен шығармағанымыз абзал.

Гаухар ЕСІЛБАЕВА,
Ақмола облысы мәдениет басқармасының
Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының маманы.

Фото: tengritravel.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар