Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлтты тереңірек білудің бір жолы - АРҚА АЖАРЫ

Ұлтты тереңірек білудің бір жолы

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында мені бір байқауға әділқазылар тобын басқаруға шақырды. Бір топ туыс ағайындар әр елдің дәмдерін жасап, бір-біріне таныстыра отырып, астың сапасын анықтауды осы әділқазы мүшелеріне тапсырды. Әділқазы мүшелері үш адам болдық. Төрағасы мен, ұстаз, қарт адам, екіншісі Ержан Ырысқұлұлы – заңгер, орта жастағы азамат, үшіншісі оқушы – Санжар Сүюбаев.

Алғашқы болып, осы топтың үлкені біреулеріне ана, біреулеріне әже Хамила қазақтың тар заманда жасаған қуырдағын алға тартты. Қуырдақ қойдың ішкі құрылысынан жасалған. Ас иесінің айтуы бойынша жақсылап тазалап, майға қуырып, әр түрлі шөптерді қосып жасапты. Біз дәмін көріп, өте сапалы жасалғандығына көзіміз жетті. Дәрігерлерде жүректе, бауырда, өкпеде, ішек-қарында адам ағзасына қажетті дәрумендердің барлығы бар екендігін айтады. Қазіргі қой сойғандар ішкі ағзасын тазалауға ерініп, ит-құсқа тастайды. Бұл бір жағынан обал, екінші жағынан ет тағамдарына үнемдік береді ғой. Осыны ұмытпағанымыз дұрыс болар.

Молдаван халқының өкілі Клава өзбектің палауын жасап әкеліпті. Палауы өте дәмді пісірілгендігін байқадық.

Гүлнара, Әсем мен оның жолдасы Аллаберген үшеуі корей халқының миекгук (сорпаның бір түрі), яннем чикен (тауықтың сирақтарын ұнға орап қуырған), нокты-ча (салаттың бір түрі) және кимбап (корей роллы) тағамдарын дайындапты. Әсем корей халқының киімін киіп, желдеткішімен бір биінен үзінді орындады. Астарынан  ұлттың және орналасқан жерлерінің жемістерін пайдаланудағы ерекшеліктерін байқайсың. Корей халқы  ұзақ өмір сүретіндердің қатарына жатады ғой. Теңіз өнімдерін пайдаланудың арқасы шығар. Мұныда күнделікті тамаққа енгізсек, одан зиян көрмейтін шығармыз.

Бұдан кейін күншығыстан Еуропаға ауыстық.Гүлшәтқызы Әзиза екеуі Италияның асханасымен таныстырды. Олар дастарханға төрт түрлі тамағын ұсынды. Лазанья –тартылған ет пен нан қосылған тағам, капрезе салаттың бір түрі, қызанақпен моцарелла ірімшігін қосқан, фокаччка нанның бір түрі, тирамису тәтті тағам.

Осыдан кейін Қап тауы халықтарының дәмдерінен ауыз тидік. Бірінші болып грузин халқының асханасынан Динара төрт түрлі тағамын дайындапты. Олар қой етінен жасалған чакапули, бұршақтан – лобио, баклажан рулеткасы мен Гата печеньесі. Онымен қоса, екі бауыры Ибраһим мен Әлиханды грузин киімін кигізіп, олар ұлттық биі элементтерін көрсетті.

Үй иесі Марат, Альбина, Ләйла, Фатима армян халқының асханасымен таныстырды. Жүзім жапырағына оралған тартылған ет – долма, грузиндіктерге ұқсас армяндардың лобиосы және баклажаннан жасалған салат. Үш жастағы кіші балалары Хайдарды ұлттық киіммен әшекейлеген.

Әр халықтың дәмін дастарханға тарту кезінде сол елдің әні немесе музыкасы орындалып жатты.Мұнымен біз сол халықтың салт-дәстүрімен жәнеас әзірлеуімен тереңірек таныстық. Қонақтар келешекте басқа да халықтың дәстүрлерімен таныстырмақ болып тарасты. Қазақстан халқы ассамблеясының соңғы сессиясында ел Президенті Қ.К.Тоқаев бұл ұйымның халықтарды біріктіруде шешуші күш екендігін атап өтті. Әр халықтың өзіндік ерекшелігі бар, соны білуарқылы сол халыққа деген сыйластығымыз арта түсетінін атап айтқым келеді. Жаман ұлт жоқ. Әр ұлт белгілі, атақты  адамдардан  кенде емес, қоғамға зиян келтіретіндеріде кездеседі. Сол үшін біз әртүрлі ұлтпыз. Әр ұлттың жақсы жағын қабылдап, жаман қасиеттерінен жиреніп, күрескеніміз дұрыс болар еді.

Еркін ДӘУЕШҰЛЫ,
зейнеткер.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар