Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қоғамдық және депутаттық бақылауды күшейту ұсынылды - АРҚА АЖАРЫ

Қоғамдық және депутаттық бақылауды күшейту ұсынылды

«Степногорск қаласының депутаттық корпусы өте белсенді. Бұған мен жұмыс сапары мен халық қалаулыларымен кездесу барысында көз жеткіздім.  Отырыста біз үш айдағы мәслихат қызметінің қорытындыларын, тұрақты комиссиялардың жұмысын жоспарлау, атқарушы органдармен және сайлаушылармен өзара іс-қимыл мәселелерді талқыладық.

Депутаттардың жас, мобильді құрамы диалогты белсенді түрде енгізді, әріптестер көптеген сұрақтар қойып, тәжірибелерімен бөлісті. Бүгінгі таңда Степногорск үшін басты тақырыптарының бірі – жылу магистралін, су құбыры желілерін жөндеу. Депутаттар облыстық мәслихаттан көмек сұрады. Мен өз тарапымнан облыстық бюджеттен Степногор ЖЭО дайындауға Үкімет резервінен 2 млрд тенге бөлінгенін атап өттім. Сумен жабдықтау бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ бар, жоба республикалық бюджеттен қаржыландырылатын болады, атқарушы орган бюджеттік өтінімді бейінді министрлікке жолдады», – Степногорскқа іс-сапарды қорытындылай келе деді облыстық мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіпов.

«АMANAT» партиясының Степногорск аумақтық филиалында азаматтарды қабылдауға Бейбіт Айтымұлымен бірге қалалық мәслихатының төрағасы Олжас Жағпаров, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Алмат Тоқмағанбетов және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Талғат Жексембин қатысты.

Қала тұрғындары әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық салалар бойынша, оның ішінде Новосибирская көшесі бойында жол салу, дәрілік препараттарға баға белгілеуді бақылау, жеңілдіктер алу және басқа да өзекті мәселелерді көтерді. Новосибирская көшесін жөндеуге келетін болсақ: жоба республикалық және облыстық бюджеттерден қаржыландырылады, бірақ кестеден артта қалушылық бар. Сондықтан бұл мәселені Бейбіт Айтымұлы Степногорск мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысында қарауды, қаражаттың игерілмеу себептерін талдауды ұсынды.

Степногорлықтардың барлық өтініштері бойынша облыстық мәслихат төрағасының өкілеттігі шеңберінде түсініктемелер және жергілікті атқарушы және өкілді органдарға тапсырмалар берілді.

Степногорск қаласына іс-сапар аясында мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіпов Ақсу және Заводской кенттерінің мектептерінде жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Ғимараттар мен орындалған жұмыстардың көлемін қарап шыққаннан кейін, мердігерлік ұйымдарға қоғамдық және депутаттық бақылауды күшейтуді ұсынды.

Сондай-ақ, ол қалалық мәслихат төрағасы О.Жағпаровпен бірге қаржылық қиындықтарға тап болған Степногорск көпсалалы қалалық ауруханасына бардық.  Аурухананың бас дәрігері Бағлан Наурызбаева «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша Көкшетау жоғары медициналық колледжінің бөлімшесін ашуға дайындық барысымен таныстырды. Кездесу барысында аурухананың проблемалық мәселелері талқыланып, ұсыныстар берілді.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар