Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Үкімет басшысы ауылға бөлінген қаржыны игермеген өңірлерді сынады - АРҚА АЖАРЫ

Үкімет басшысы ауылға бөлінген қаржыны игермеген өңірлерді сынады

– Бүгін Үкімет отырысында «Ауыл – ел бесігі» жобасына бөлінген қаржыны уақтылы игермеген өңірлер аталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы Ұлытау облысының Атасу, Бидайық, Бостұмсық және Сарысу ауылдарында медицина мекемелерінің құрылысына қажетті қаражат толығымен бөлінген болатын. Алайда, құрылыс жұмыстары әлі күнге дейін аяқталмаған.

СҚО-ның Мүсірепов атындағы ауданда ұзындығы 53,5 шақырым болатын жол құрылысы былтыр біту керек еді. Бірақ, жоспарланған көлемнен небәрі 26,5 шақырым жол пайдалануға берілген. Демек, жоспардың 50% әлі күнге орындалмай отыр», — деді Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Министрлер кабинеті басшысының айтуынша, өңірлерде қаражатты тиімді пайдалану өте маңызды.

«Бір ауданда бірнеше жоба іске асырылып, басқа ауданда бірде-бір жоба іске асырылмайтын жағдайлар болмауы керек», — дейді ол.

photo

 

Бұған дейін Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Ауыл – ел бесігі» жобасына кейінгі үш жылда 326 млрд теңге, биыл 198 млрд теңге бөлінгенін айтқан еді.

photo

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар