Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Гранттық қаржыландырудың тетіктері түсіндірілді - АРҚА АЖАРЫ

Гранттық қаржыландырудың тетіктері түсіндірілді

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне 2023 жылға арналған гранттық жобаларды қаржыландыру бойынша енгізілген өзгерістерді түсіндіріп берді.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы дегеніміз мемлекеттік және мемлекеттік емес гранттар беру арқылы үкіметтік емес ұйымдар мен бастамашыл топтарға өз идеяларын жүзеге асыруға көмектесетін ұйым. Бүгінде олар еліміздің 7 облысында грант беру бойынша жұмыстарын жүзеге асырып келеді. Биыл олар 100-ден аса жобаны грантпен қамтыпты.  

Өткізілген жиынның мақсаты – жергілікті атқарушы органдар арасында заңнамаға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып, үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру тетігін түсіндіру.

Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Жандәулет Қылышбаев мемлекеттік органдармен жұмыс істейтін бұл ұйымның ерекшелігіне назар аударып, атқарушы органдардың өкілдеріне жаңашылдықтың артықшылықтарына көңіл аударуды сұрады.

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары Арман Рақымжанов жиналған қауымға гранттық қаржыландырудың артықшылықтары туралы түсіндіріп берді. Оның айтуынша, елімізде үш қаржыландыру көзі бар екен. Мемлекеттік қаржыландыру, гранттық қаржыландыру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар мен сыйлықақылар, Жиында осы қаржыландыру тетіктері жан-жақты түсіндіріліп, атқарылған жұмыстар баяндалды.

Жиын соңында жергілікті атқарушы органдардың өкілдері түрлі сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын да жеткізді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар