Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тамызда «Мектепке жол» акциясы басталды - АРҚА АЖАРЫ

Тамызда «Мектепке жол» акциясы басталды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазовтың«Жақсылық жаса» ұранымен өтетін «Мектепке жол» республикалық акциясының өтуі жөнінде брифингі ұйымдастырылды.

Дәстүр бойынша жыл сайын Қазақстан Республикасының Білім министрлігі «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясын өткізеді. Бұл әлеуметтік республикалық акция биыл 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Жақсылық жаса» ұранымен өтеді. «Мектепке жол» жобасын  «Атамекен»Ұлттық кәсіпкерлер палатасыұйымдастырады.

−Акцияның мақсаты аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу болып табылады. Іс-шараны өткізу кезеңінде мектепке бармайтын балаларды рейдтік іс-шаралар, үй-жайларды аралау арқылы анықтауға, сондай-ақ, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарынан шыққан балаларға мектепке бару үшін көмек көрсетуге ерекше назар аударылады, − деді Валерий Гамазов.

Акцияға қатысуға ниет білдірушілер саны жылдан-жылға артып келеді.Мәселен, өткен жылы облыста осы акция қорытындысы бойынша аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан 12 мың бала жалпы сомасы 416,0 миллион теңгеге материалдық көмек алды.  Биыл да облыс мектептерінің педагогикалық ұжымдары ішкі саясат бөлімдерімен бірлесіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қоғамдық орындарда, кәсіпорын, ұйым-мекемелерде акция логотипі бар плакаттар орнатылып, ақпараттық бұрыштар құрылады.

−Мұндай іс-шараны өткізуге облыс және аудан әкімдіктері, мемлекеттік органдар мен бизнес-құрылымдар жылда белсене  қатысады. «Ақниет» жеке қайырымдылық қоры жыл сайын балаларға кеңсе тауарлары бар 1000 мектеп сөмкелерін ұсынады. Облыс аумағында 17508 бала материалдық қолдауға мұқтаж. Аудандар мен қалалардың білім бөлімдері қараусыз қалған, қолайсыз отбасылардан шыққан балаларды және көшіп-қонушыларды, оқудан жүйелі түрде жалтарған басқа да оқушыларды анықтау бойынша рейдтер жүргізді. Рейд нәтижелеріне сәйкес мектептерде әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж тәуекел тобындағы балалардың, отбасылардың атаулы, дербес тізімдері жасалуда. Бұл олардың мектепке келуін қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін жұмыстың тиімділігін арттыратыны сөзсіз. «Мектепке жол» акциясы жалпы орта білім алуға қолайлы жағдай жасауға ықпал ететін,азаматтық қоғаммен тұрақты әріптестікті қалыптастыруға бағытталған игі шара. Сондықтан, биыл да оны ойдағыдай өткізіп, ертеңгі ел иелері – жас ұрпақтың өз мектептеріне үсті-басы бүтінделіп, оқу құралдары мен кітаптары түгенделіп, алаңсыз баруына жағдай жасайық, – деген басшының орынбасарының сөзіне әрине, біз де қосыламыз.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар