Қазақтың алты жүз мың сөзінің ішінде адамды құздан құлататын бір сөз бар. Ол сөзге біреулерекпін береді, біреулер тыжыранады, біреулерайтқысы келмейді. Әрі оны өздерінен іздейді.
المُتَكَبِّرُ Әл-Мутәкәббир – Паң, ұлылық және биіктік Иесі. Бұл Алланың тоқсан тоғыз есімінің бірі. Кімде-кім бұл көркем есімді зікір етіп жүрсе, халық арасында құрметті болады дейді.Яғни паңдық – бұл тәкаппарлық. Бұдан шығатын сөз, тәкаппарлық– Құдіретті Алланыңсипаты. Оған ешкім де, ешнәрсе де ортақ бола алмайды.«Тәкаппарлық – киімім, ұлылық – жамылғым, кімде-кім осы екеуін аламын деп ортақтасса, оны отқа тастаймын», – деген Алланың сөзі әбден жеткілікті.
Уа, Раббым! Тіл жетпейді сипатың мен сыныңа,
Тосылады тереңдемей сырына.
Тәңірі Алла! Сенен өзге Тәңір жоқ,
Туралық бер, рахымың төк құлыңа!– дегендей, ұлылығының тереңдігіне сүңги алмаймыз, себебі, тереңнің тереңін білетін Құдіретті Алла тәкаппардың тәкаппары!
Мәселен,«Өмірге жоспар құрасың, өмір саған жоспар құрады»демекші, адамды өз дегеніне жығатынтәкаппар Өмірдің иесі Алла! «Ғибрат ал, қара, жерге түскен жапыраққа, ол да бұрын жоғарыдан қарайтын топыраққа» – дегендей, адамды уысында ұстайтынтәкаппар Уақыттың да иесі Алла! «Өмірді қанша сыйласаң да, өлімді сонша жат көрме»–дегендей, адамды бір сәтте өшіре салатын тәкаппар Өлімнің иесі Алла! Әлбетте, бұлүшеуді жеңген, ұтқан, құтылған адам жоқ!Тіпті, аспан қабаттарымен, жер қыртыстарымен, тау биіктігімен, жел екпінімен, күн ыстығымен, ай сұлулығымен, мұхит толқынымен, су тазалығымен, от жалынымен тәкаппар болса да, Иелері Алла! Ал, байлық ше? «Ей, тәкаппар дүние, маған да бір қарашы,танисың ба сен мені, мен қазақтың баласы!»– деген Қасым ағамыз нені меңзейді? Міне, Құдіреттің ұлылығы,тәкаппарлығы!
Тәкаппарлық – мінез емес, кемшілік, құндылық емес, өзін-өзі бағалау. Яғни бір сөзбен адамның үрленгенМені! Оны ешкіммен санаспайтынөзімшіл ой, өзін басқалардан артық санайтынжалған сенім, кеудені жарғанкөкірек, ешкімдімісе тұтпайтын паңдық, өзін бағалай алмайтын жыртық мақтаншақ үрлейді. Жыртық мақтаншақ психологияданәзік эгоны қоректендіруші немесе қорғану қажеттілігінен туындаған мінез.Сайып келгенде, тәкаппарлық жоғарыда тізілген кеселдердің жиынтығынан тұратын дерт. Халқымыз мұны кібірлік немесе Құдайын ұмытқан адам дейді. Ал, бұл кібір қайдан басталады?
Бір ғана айнаны алайық. Біз оған күнде қараймыз, бірақ,одан кімді көріп жүрміз, байқамаймыз.Өзімізді ме, өзгені ме?Шынымен өзімізді көріп жүрмізбе, айна не дейді? Мәселен, айнаны өндіре бастаған дәуірлердеоның сырынқұпияда ұстаған. Адампсихикасына әсер ететін жазалаулар, кемелерді өртеусынды теріс мақсаттағы әдістерге құрал еткен. Әрі бұдан жағымсыз түсініктер қалыптасқан. Айна сынса бақытсыздық келеді және т.с.с., көп жағдайда сиқыр және тылсым күштерге байлаған. Ал,бүгінде сол айнаға жайбарақатқарап жүрміз бе? Егер айна «Сен сұлусың!», «Саған ешкім тең келмейді!», «Сен мықтысың!», «Сен бәрінен артықсың!» деген ойды тудырса, адамның Мені оянады. Тарихта Жүсіп (ғ.с.) пайғамбар өткен. Көркі жағынан Алла Тағаланың ең сұлу Пайғамбары. Сол пайғамбарайнадан өзін көріп, көркіне таң қалып, «Мен сондай сұлумын, егер құл болсам, мені сатып алуға ешкімнің дүниесі жетпес» деген ойға келеді. Міне, осы тұста оныжиырма екі тиынғабауырлары құлдыққа сатып, он бір ағасы әрқайсысы екі тиыннан бөліп алады. Бұл Алланың құдіреті емей не?! Сондықтан, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың жұбайы Айша (р.а.) анамыз айнаға қарағанда Аллаға дұға еткенінде зор мән жатыр.
Негізінде, адамның өзін-өзі бағалауы көңіл-күйді көтеру, ынталандыру,мотивация береді. Ал, егер адамның Меніөзін бағалай бастаса, өзімшілдікке өтеді, жалған сеніміне ерсе, кеудеге сыймайкеріледі, кем-кетігін жасырып өтірік мақтанса және бұған талғамы мен кербездігін қосса, ақылды жеңеді, «Мен пістім!», «Мен жетілдім!», «Мен толдым!» деп тәкаппарланады, бұл Тәңірлікпен таласу! Кімде-кім бір күнде «Мен!» сөзін қанша рет айтады, сонша рет Менін үрлейді. Яғни,тәкаппарлықтың басыосы «Мен!» сөзінен басталады. Өйткені, еңбірінші кібірлікті Шайтан жасады, мойындамады, тәубеге келмеді, қуылды.
Ақыл-есінен кем,ауру адамнан басқаның бәрінде деңгейіне қарайтәкаппарлық міндетті түрде болады, яғни, жеңіл және ауыр түрі. Ешбір адам өзін «Мен тәкаппар емеспін!» деп айта алмайды. Өйткені, оның дәнегі баршамызда бар. Мысалы, нәпсісіне ұнамайтын жәй бір сөзді естісе, қарсы шығады, ал ауыр сөз естісе, көбі шапалақ жеген күйді кешеді, бір сөзді басынан асырғысы келмей, үндемей қалсыншы,кейін өз-өзін жеп, іштен тынбайды, қайта ызалы кекке айналдырып жатады, бұл өтірік емес. Мұны өздері жібермей жатқан намыс, өз-өзін қорғау деп түсінеді әрі түсіндіреді, шындап келгенде, бұл іштен шыға алмай жатқанадамның Мені. Ал, ә десе мә деп, «Мен саған көрсетейін» немесе «Сен кімсің маған ақыл үйрететін» дегенді қайда жібереміз?! Болмаса«Мен сұлумын!» деп көркіне керілсін, қартайғандаажары солады. «Мен күштімін!» деп мықтымсынып, белі шойырылса, қуаты таяды. «Мен дәулеттімін!» деп байқуаттыпаңдансын, бір жұтпен-ақ шаруасы тынады. Ал, «Мен білімдімін!» деп имандытіксінсе, бұл ауыр дүние. Оны иманы құтқара ма, білімі құтқара ма, Алла Өзі шешеді! Ал, кедейдің кербезі ше, оны кім құтқарады? Алла Тағала пайғамбарларынан уаһи етіп, Ибраһим (ғ.с.) сұрайды:
–Мен кіммін? Сен кімсің? – дейді.
–Мен Сенің досыңмын! – дейді. Мұса (ғ.с.) сұрайды:
–Мен кіммін? Сен кімсің? – дейді.
–Мен Сенімен сөйлескен кәләмулламын! – дейді. Иса (ғ.с.) сұрайды:
–Мен кіммін? Сен кімсің? – дейді.
–Мен Аллаһтың рухымын! – дейді. Мұхаммед (с.ғ.с.) сұрайды:
–Мен кіммін? Сен кімсің? – дейді.
–Мен Сенің әлсіз, жетім Құлыңмын! – дейді. Міне, біздің негізгі шынайы табиғатымыз осы.
«Тәкаппарға тәкаппарлық садақа! Төсін көтергенге иілме, төбеңе шықпасын» – деп Шаңтимес ағамыз айтқандай, таудың басына шығу оңай,одан қалай түсеміз, жалпы, бұл тәкаппарлықтың емі бар ма? Дертті қозғау үшін, алдымен түбірін қопсыту керек, соған қарайамал жасалады, дегенмен, бұл кемшілікті қандай қасиеттер басады, соған көңіл бөлейік.
Бірінші, тәкаппарлықтың шыңында тұрған адамның рух көзін ашу үшін, алдымен оның деңгейіне өтіп, оның тілінде сөйлеп, байланыс пішімін баптап алу керек. «Жылы сөз – жанға ем» демекші, жанына қажет сөзді айта отырып, байыппен жүрегін жібіту қажет. Әріден өзің жайлы әңгімелей отырып, оның өміріне шолу жасап,салыстыру. Ата-бабасын еске сала отырып, балалық шағына оралу, дос-жарандарына көңіл бөлу, достары болмаса достықты ұсыну, жан-жары мен бала-шағасына деген көзқарасы мен қарым-қатынасын анықтау. Дүниетанымын мұқият барлап, мінез-құлық, сыйластық пен құрмет, эмоциялар, қарсы күш жайлы сөз қозғай келе, жер шары барша адамзатқа айналып тұрғанын сезіндіру. Одан кейін өмір, сынақ, өлім, Құдайдың құдіреті, Оны зікір ету, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарды үлгі ету, Оған (с.ғ.с.) салауат айту, ата-бабасына Құран бағыштау, отбасына дұға жасау, сол отбасы, салт-дәстүр, ел мәселесін бірге талқылау, жетістіктерге бірге қуану, пікірімен таласпау, бірақ дұрысына әділдікпен көзін жеткіздіру, қателіктерін анықтау, бірге жөндесу, жанашырлық таныту, жауапкершілікті ұғындыру.
Яғни,басқа көзқарастарға деген нөлдік назарын оятатын сұхбат жасап, одан ләззат алатын халге жеткізу. Содан кейін құздың не әрісіне құлау, не берісінде қалуға ерік пен таңдауды өзіне қалдыру. Соңында ниетін түзеу, құлшылыққа келтіру, білімге бағыттау, амалға көшу, әрекетке қадамдар жасау. Бұл амалдар міндетті түрде жасалуы керек,яғни,еңбексіз адам еріншек келеді, тәжірибесіз адам түзелмейді. Мәселен, алғашқы адым киімнен басталса, яғни, Алланың «Тәкаппарлық – киімім, ұлылығым – жамылғым…» деген сипаттағы жамылғыкиімнен орташа, жұпыны киімге бірден болмаса да, біртіндеп, жаймен, әйтеуір, көшу не болмаса анда-санда киіп жүруді ұсыну. Одан кейін жеңілінен бастап ауырына, яғни, еден жуу, қоқыс жинау, көшелер сыпыру, жолдағы тасты алу, мал қораны тазалау, дәретхананы тазалау сынды тәкаппарлықты сындыратын амалдарды бұлжытпай орындаса, қайырымды істермен айналысса, түнгі құлшылықтарға аса мән берсе, дерттен толықтай айығады.
Екіншіден, құзға талпынған таудың орта беліндегі адамға не қажет? Алдымен ойын, мақсатын, арман-тілегін, көңілін, кем тұстарын, бағытын, неге қызығады, талпынады, қалайды, ұмтылады,міне, осы қажеттілігінбілу керек. Жүріп өткен жолын саралау, есінде қалған жақсы сәттер, өткенді бағалау, өзінен де зорнемесе өзіненде төмен адамдардың өмірлерінен үзінді келтіру, Құдаймен танысу, құлшылыққа келу, зікір ету, салауат айту, дұға жасау, өзін-өзі дамыту, жалған өмір, сынақ, хақ өлім, көркем мінез, дін мен дәстүрге негізделген ата-баба жолы сынды тақырыптарда тіл сұхбатын құру, бағытын нақтылау, ниетін туралау. Жоғарыда айтылған амалдар бұл адамға да тиесілі.
Үшіншіден, таудың етегінде тәкаппарлықпен саналы түрде күресіп жүрген адамға Алланы көбірек еске алып, көптеп зікір ету, салауат айту, дұға жасау, намазына сақ болуы жеткілікті. Бұдан басқа, жалпы кез келген адамға мейлі таны, мейлі таныма, бірінші болып сәлем беру, бұл кішіпейілділік, бұл құрмет, бұл ізет, одан ешкім кішірейіп қалмайды, ешкім төмендемейді. Неліктен «Топырақтан жаралғансың!» дейді. Яғни, бұл «Тәкаппар болма!» деген сөз. Өйткені, барар жерімізбаршамызға белгілі. Дүниеге шектеу болғанмен, нәпсіге шектеу жоқ, сондықтан, нәпсіні тізгіндеп отырған дұрыс.
Одан кейін, ешкімге ренжімеу және ешкімді ренжітпеу. Әлбетте жағдайлар бар, егер намыс тапталса, ар-ұятқа нұсқан келсе және т.с.с. Бұл жерде пендешілікке ренжімеу және ренжітпеу тәкаппарлыққа жол салмайды, мәселе осында. Ал, мақтауды қаламау кібірліктің жоқтығына дәлел! Өмір болған соң, пенде өзгеріп отырады, бұл заңдылық. Баршамызды Алла алдында тәкаппар болудан сақтасын!
Нұрлан БАЙЖІГІТҰЛЫ,
Астана қаласының «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы, дінтанушы.