Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бос судья лауазымдарына үміткерлер талқылаудан өтті - АРҚА АЖАРЫ

Бос судья лауазымдарына үміткерлер талқылаудан өтті

Ақмола облыстық сотының жанындағы Соттармен өзара іс-қимыл кеңестің  төрағасы, отставкадағы судья Темірхан Қасымовтың төрағалығымен осы Кеңестің кезекті отырысы болып өтті.

Бұл Кеңестің жұмыс тәртібін Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының кеңесі 2016 жылғы 17 ақпанда бекітіп, кейін 2020 жылғы 3 сәуірде бірқатар түзетулер енгізген. Кеңес өзінің отырысында бұл жолы да әдеттегідей аудандық, қалалық және облыстық соттар мен оларға теңестірілген соттардың судьясы лауазымына судьялыққа кандидаттарды әңгімелесуден өткізіп, биылғы жылы 18 шілдеде жарияланған конкурсқа өтуі мәселесін талқылады.

Отырыс барысында қаралған 16 үміткердің арасында осы күнге дейін облыс соттарында судья болып істеп келе жатқан және өздерінің ұйғарулары бойынша, сондай-ақ, белгілі бір судья лауазымында тиісті мерзімінің аяқталуына орай, облыстың өз ішіндегі және одан тысқары жерлердегі бос судья орындарына конкурсқа қатысуға өтініш білдірген судьялар қатары басым болды. Сонымен бірге, белгілі бір уақыт аралығында сот органдарында іс-қағаздарын жүргізіп, осы жұмысты іштей көріп жүріп, алғаш рет қиын да құрметті судья мамандығына тілек білдірген үміткерлер де кездесті.

Олармен бетпе-бет әңгіме кезінде судья лауазымындағы, сот органдарындағы  мемлекеттік қызмет өтілі, тәртіптік жазаларының бар-жоғы, іс-әрекеттеріне түскен шағымдар, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі, жеке басының қасиеттері, басқа да осы тектес мәселелерге назар аударылып, тиісті сауалдар қойылып, жауаптар алынды. Нәтижесінде комиссия мүшелері әрбіріміз үміткерді жеке дауысқа салып, соның негізінде шешім шығарылды. Бұл жолы бос тұрған судья лауазымына кандидаттардың бәрі конкурстың келесі сатысына өткенімен, кеңестің осындай бұрынғы отырыстарында комиссия тезінен өтпей қалған үміткерлердің де болғанын айта кету керек. Іскерлік жағдайында өткен комиссия отырысын Жоғарғы соттың тарапынан Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты Кеңесінің мүшесі Жеңісбек Мырзағалиев онлайн түрінде  қадағалап отырды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар