Облысымызда ауыл шаруашылығын,соның ішінде мал шаруашылығын, туризмді дамыту да әлеуеті жоғары өңірлердің бірі – Қорғалжын ауданы.
Биыл биліктің аудан тұрғындарымен өткенесеп беру кездесулерінде осы салаларды одан әрі дамыту қажеттілігі атап көрсетілген болатын. Расында, былтыр аудан көлемінде 5 ет фермасы ашылып, етті мал шаруашылығында серпін байқалып еді. Бұған «Қалқаман», «Жансая», «Райымбек» шаруа қожалықтары мен «Ащыкөл», «Атамекен Ақу» серіктестіктері белсене ат салысты.
Биыл да ауданда үш ет фермасын құру, сондай-ақ, жұмыс істеп тұрған үш ет фермасын кеңейту жоспарланған. Сонымен қатар,ауыл шаруашылығы өнімдерін ұқсатып, өңдеу бағытында да бірнеше инвестициялық жоба назарда ұсталуда.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Қорғалжын ауданы.