Ауданда өткен қаңтар-маусым аралығында өнеркәсіп өнімінің көлемі арта түсті. Биыл өнеркәсіп пен кәсіпкерлік саласын дамыту аясында 2050 бас аналық мал басына арналған мал шаруашылығы кешендерін салу жоспарланып отыр.
Бұл үшін «Altyn Bank» акционерлік қоғамына құны 21 миллиард теңге болатын осы жобаны қаржыландыруға өтінім берілген еді. Осының нәтижесінде үшжақты меморандумға және «Citik Group»-пен бірлескен келісім-шартқа қол қойылды. Сөйтіп, несие комитетінің шешімімен құрылыс таяу арада басталады.
Мұнымен қоса, Жалтыр ауылында «Аzam KC» серіктестігінің күшімен отандық астық кептіру кешендерін шығару зауытын кеңейту жұмыстары жалғасуда. Осыған орай, аумағы 2160 шаршы метр болатын екі цех салынады.
Жалпы, ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін жақсарту үшін алдағы уақытта бұдан басқа да ауқымды инвестициялық жобаларды жүзеге асыру көзделіп отырғанын айта кету керек.
Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.