Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жәбірленушілерге өтемақы қоры құрылды - АРҚА АЖАРЫ

Жәбірленушілерге өтемақы қоры құрылды

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету, қоғамдағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, бұзылған құқықтарды қалпына келтіру мемлекеттің негізгі міндеттеріне жатады. Сондықтан, қылмыстардың жекелеген түрлерін жасау салдарынан зардап шеккен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін кепілді қорғау үшін Қазақстан Республикасында жәбірленушілерге өтемақы қоры құрылды.Қордың қызметі «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Заңмен реттеледі.

Заңға сәйкес жәбірленушілерге өтемақы қоры – бұл Қазақстан Республикасының «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» заңнамасында көзделген тәртіппен ақша түсімдерін есептеу және жәбірленушілерге өтемақы төлеуді жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоты. Ал, өтемақы – Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес жәбірленуші деп танылған адамға осы Заңда белгіленген тәртіппен ақшаны біржолғы төлеу.

2018 жылы қылмыс құрбандарына материалдық көмек көрсету институты құрылды, атап айтқанда, «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Заң қабылданды. Қорды қалыптастырудың негізгі көзі сот сотталғандардан мәжбүрлеп өндіріп алатын төлемдер болып табылады. Төлемнің мөлшері жасалған қылмыс санатына байланысты болады. Бұл заң жәбірленушілерді кепілдендірілген әлеуметтік қорғауды, атап айтқанда, оларға өтемақы төлеуді қамтамасыз етеді. Заң өтемақы алуға құқығы бар жәбірленушілердің нақты тізімін анықтайды.

Өтемақы жыныстық зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстар бойынша жәбірленуші болып табылатын кәмелетке толмағандарға, адам саудасы мен азаптауға байланысты қылмыстар бойынша жәбірленуші деп танылған адамдарға, денсаулығына ауыр зиян келтірілген не адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтырған адамдарға, жәбірленуші қайтыс болған жағдайда жәбірленушінің құқықтары берілген адамдарға тағайындалады.

Заңнамада жәбірленушіге қатысты жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты осындай өтемақы мөлшері белгіленген. Ол 30-дан 50 айлық есептік көрсеткішке дейінгі аралықты құрайды.Өтемақы тағайындау туралы өтініш берудің ескіру мерзімі адамды жәбірленуші деп таныған күннен бастап үш жылды құрайды.

Ақмола облысының прокуратурасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар