Бейсенбі күні Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Ақмола облысы тұрғындарымен кездесу өткізді. Атап айтқанда, Степногорск қаласының тұрғындары алдында сөз сөйлеген министр Ақмола облысының отын-энергетика кешенінің қызметі туралы айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Кездесуде министр жалпы Ақмола өңірінің ОЭК ағымдағы жағдайы туралы баяндады. Өңірдің электр энергетикасы туралы айта келе, министр Көкшетауда электр қуаты 240 МВт болатын ЖЭО салу жоспарланып отырғанын атап өтті. Құрылыстың жалпы құны – 239 миллиард теңгеден асады. Жобаны ағымдағы жылдың күзінде электр қуаты нарығында тендер өткізу арқылы жүзеге асыру жоспарлануда.
Қазіргі таңда өңірді жылумен қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қолданыстағы жылу көздерінің тозу деңгейі жоғары (Степногорск ЖЭО 81,7 пайыз, «Көкшетау Жылу» МКК қазандықтары 63,1 пайыз). Тұрғын үйлердің, әлеуметтік нысандар мен ғимараттардың қарқынды құрылысы жүргізіліп жатқанын ескерсек, алдағы уақытта аудандық қазандықтардың жұмыс істеп тұрған жылу қуаты жеткіліксіз.
Сондай-ақ, Энергетика министрі өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін дизель отынымен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы хабардар етті. Елміздің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің атына бір тоннасына 284 мың 239 теңге (теңге/литр) бағасымен 426 мың тоннадан астам дизель отыны бекітілді. Ақмола облысының ауыл шараушылығы тауарын өндірушілері үшін 90,5 мың тонна дизель отыны көзделген, бүгінде 22,7 мың тоннаның 16,4 мың тоннасы немесе шілде айы көлемінің 72 пайызы басым тәртіппен жөнелтілді.
Министр тұрғындарды ұзақ мерзімді баға тұрақтылығын және бағаның алыпсатарлық өсуін болдырмауды қамтамасыз ете отырып, сұйытылған мұнай газы нарығын реформалау жөніндегі шаралар туралы хабардар етті.
Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру жөніндегі QazaqGaz жобасын іске асыру шеңберінде жыл соңына дейін «Бейнеу-Бозой-Шымкент» 2-ші желісін жобалау бойынша жұмыстар басталды. Жобаны 2026 жылдың соңына дейін іске асыру жоспарлануда.
Сондай-ақ, министр «Сарыарқа» құбырын Ресей Федерациясынан газ құбырымен байланыстыру нұсқасы зерттеліп жатқанын айтты. Алдын ала техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу аяқтау сатысында. Газ құбырының бағыты мен газ бағасын алғаннан кейін елдің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандырудың оңтайлы нұсқасы айқындалатын болады.
Министр кездесуге қатысушыларды тұрғындардың барлық айтылған сұрақтары Үкіметтің тұрақты бақылауында екеніне сендірді. «Біз оларды толық және уақтылы шешуге бар күшімізді саламыз», – деп атап өтті Алмасадам Сәтқалиев.
Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.