Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Денсаулық сақтау жүйесінде ұлттық пилоттық жоба іске асырылады - АРҚА АЖАРЫ

Денсаулық сақтау жүйесінде ұлттық пилоттық жоба іске асырылады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибігүл Омарова «Ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту»ұлттық пилоттық жобасы жөнінде баяндап берді.

Облыс аумағында Ақкөл және Біржан сал аудандарына қызмет көрсету үшін Степногорск қалалық ауруханасын жәнежақын маңдағы Сандықтау, Жақсы, Есіл, Жарқайың аудандарындағы 120 мыңға жуық халыққа қызмет көрсету үшін Атбасар ауданаралық ауруханасын көпсалалы орталық ауруханаларға айналдыру  көзделіп отыр.

−Бұл ауруханалардың қарамағында инсульт орталығы мен тері арқылы коронарлық араласу орталығы, перинаталдық орталық, перзентхана бөлімшесі, травматология, хирургия және медициналық оңалту, реанимация бөлімшелері болады. Бұл инфаркт, инсульт, жарақат және басқа да жағдайлар кезінде халыққа шұғыл медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Қазір жоғарыда аталған мекемелерде жаңғырту бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде,−деді Бибігүл Омарова.

Атбасар ауруханасының оңалту ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Ол үшін жергілікті бюджеттен 40 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінді. Сондай-ақ, бас корпусты күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін 12,6 миллион теңге бөлініп,конкурстық рәсімдер жүргізілуде.  Степногорск қалалық ауруханасының «Г»  және «Е» блоктарына күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамаға түзетулер енгізілді.  Бүгінгі таңда мердігерлік ұйымды анықтау үшін конкурс жариялау жоспарлануда.

Сонымен бірге, Бибігүл Омарова ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жетілдіруге және ауыл тұрғындарына медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсарту үшін қабылданған шаралар жөнінде айтып өтті.

−Осы жұмыстарды іске асыру үшін облыс бойынша 38 ауылдық елді мекенде амбулаториялық-емханалық орындар салынады. Оған 21 фельдшерлік-акушерлік пункт, 14 дәрігерлік амбулатория және 3 медициналық пункт кіреді. Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің жаңанысандарын салу үшін  38 жер учаскесі бөлінді. Келер жылы 22 жер учаскесін бөлу жоспарлануда, −деді ол.

«Тұрар Халс Кейр» акционерлік қоғамының  бірыңғай жобалаушысы Ақкөл, Целиноград және Шортанды аудандарында үш эталондық алғашқы медициналық-санитарлық көмектің нысандарын салу бойынша үлгілік жобалар әзірледі, олар бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.Бұдан басқа денсаулық сақтау басқармасы 2024 жылы іске асыру жоспарланып отырған бастапқы медициналық-санитарлық көмек нысандары бойынша үлгілік жобаларды жергілікті жерге байланыстыруға қаражат бөлу үшін облыстық бюджеттік комиссияның қарауына бюджеттік өтінім жолдады.

−Облыс аудандарының жергілікті атқарушы органдары 14 нысан бойынша инженерлік желілерді жүргізу бойынша жобалы-сметалық құжаттама әзірлеуге конкурстық рәсімдер жүргізеді. Оның ішінде 8 нысан бойынша  конкурс жариялау жоспарлануда, Шортанды ауданы Новокубанка ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуге шарт жасалды. Қалғандары бюджеттік өтінім арқылы  қалыптастырылады. 16 жоба бойынша осы тоқсанда конкурс жариялау көзделіп отыр, −деп атап өтті Бибігүл Омарова.

Бүгінде облыс деңгейінде үздік тәжірибе орталықтарын құру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Ол үшін  Көкшетау қаласының қалалық емханасы және облыс орталығының іргесіндегі Краснояр ауылында алғашқы медициналық-санитарлық көмектің орталығы анықталды.Бүгінгі таңда мүгедектігі бар, тасымалданбайтын, жалғызбасты, қарт адамдарға баса назар аудара отырып, егде жастағы адамдарға үйде қызмет көрсетуді көздейтін «Ата-аналарға қамқорлық»жобасы әзірленді.

−Бұл енгізілетін тағы бір маңызды жоба. Әлеуметтік дәріханалар, оның аясында жылжымалы дәріхана пунктін іске қосу жоспарлануда. Ол Зеренді, Сандықтау және Бурабай аудандарының ауылдарын қамтиды, тұрғындар кепілдік берілген тегін медициналық көмектің көлемі  шеңберінде және қолжетімді төмендетілген бағамен дәрі-дәрмек ала алады,−деп қорытындылады өз сөзін облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар