– «Қазақстан» шахтасындағы өрттен кейін хабарсыз кеткен бес кеншінің екеуінің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Екі жұмысшы қайтыс болды. Қалғандары іздестіріліп жатыр», — деді облыс әкімдігінің баспасөз хатшысы Марина Шаповалова.
Бұған дейін бес кеншінің әлі табылмай жатқаны туралы хабарлаған едік.
Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында шахта өртеніп, 227 адам эвакуацияланғаны туралы хабарлаған едік.
Шахтадада 227 адам болған. Шахтадан қаптал ұңғыма арқылы адамдар жоғары шығарылған.
Кейін өрт кезінде 5 кеншінің із-түссіз қалғаны және 4 адам ауруханаға жеткізілгені айтылды.
Алдын ала мәліметке сәйкес, қауіпсіз жерге шығарылған 13 адам бас ауруы мен жөтелге шағымданған. Қазіргі уақытта 4 адам, оның ішінде екеуі Шахтинск қаласының орталық ауруханасына, тағы екеуі облыстық медициналық орталыққа жатқызылды.