Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Бурабай ауданында болып, әлеуметтік нысандарды, автомобиль жолдарын жөндеумен және жылыту маусымына орай дайындық барысымен танысты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аудан орталығындағы жолдардың жалпы ұзындығы — 134 км. жалпы ауданда жол инфрақұрылымының 18 жобасы жүзеге асырылуда.
«Зеленый бор ауылының «Сарыарқа» шағынауданының жолдарын орташа жөндеуге шамамен 100 млн. теңге бөлінді, бүгінгі күні жұмыстар аяқталды, кірме жолдар асфальтталды», – деп хабарлады аудан әкімінің орынбасары Ерлан Биданов.
Сонымен қатар, облыс басшысы екі әлеуметтік нысанның – «Облыстық олимпиадалық резервті дайындау орталығы» КММ спорт кешенінің және Зеленый бор ауылының мәдениет үйінің күрделі жөндеуін тексерді.
Спорт кешені 1986 жылы пайдалануға берілді. Ғимарат екі қабатты, жалпы ауданы 3946,0 шаршы метр. Бассейн, ойын, тренажер және спорт залдары жұмыс істейді.
Директор Бейбіт Ауашахметовтың айтуынша жөндеу жұмыстары 2022 жылы басталды және ағымдағы жылы аяқталуға жақын, мердігер — «КазЕвроСтрой» ЖШС. Желдету орнатылды, су құбыры, кәріз, электр жарығы ауыстырылды. Керамикалық плиткаларды төсеу, қабырғаларды сылау және бояу жұмыстары жүргізілді.
«Облыстағы мұндай залдар – санаулы. Зеленый бор футбол, волейбол, баскетбол сияқты командалық спорт түрлерін дайындаумен танымал. Спорттық дәстүрлерді жаңғырту қажет», — деп атап өтті Ермек Маржықпаев.
Ағымдағы жылы аудандық мәдениет үйіне жөндеу жұмыстары басталды. Мердігер — «ГрадСтройсервис» ЖШС .
«Әр ауылдағы мәдениет үйі — басты тартымдылық орталықтарының бірі. Ғимараттың бос тұруына жол бермеу керек, жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталуы керек», – деп атап өтті облыс әкімі.
Сапар Щучинск қаласындағы № 1 мектеп – гимназияға барумен жалғасты.
Күрделі жөндеу барысы туралы мектеп директоры Любовь Ткачева айтып берді. Қазіргі уақытта қасбетті жөндеу, терезелерді ауыстыру, іргетасты нығайту, соқыр аймақ пен кіру тобын жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Мемлекет басшысының қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясында мектепте турникеттер мен бейнебақылау жүйесі орнатылды.
Ең маңызды мәселелердің бірі — жылыту маусымына дайындық. Сапар барысында облыс басшысы Щучинск қаласы мен Зеленый бор ауылының қазандықтарына барып, Ремзавод шағын ауданындағы жылу трассасын жөндеумен танысты.
Сапар соңында өңір басшысы аудан басшылығына жылыту маусымына дайындық мәселелерін ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.