Қылмыстық іс жүргізу қағидасы – бұл заңда көрсетілген қылмыстық іс жүргізудің елеулі жақтарын көрсететін, қылмыстық сот ісін жүргізуде азаматтардың құқықтарын, кепілдендіретін сот ісінің жүргізу тілінің қағидатын қолдану құқықтық болып табылады. Сот процесіне қатысушы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету кепілдігі арқылы қамтамасыз етіледі. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.
Мемлекеттік тілдің қылмыстық, әкімшілік, азаматтық іс жүргізу кезінде қолданылуының аясын кеңейту және сапасын жақсарту басқа ұлттардың құқығын бұзбайды.
Осы кодестің тиісті баптарына сәйкес, қылмыстық процесті жүргізетін орган күдіктіге, айыпталушыға олардың құқықтарын түсіндіруге және олардың күдіктен, айыптаудан заңда тыйым салынбаған барлық құралдармен қорғану мүмкіндігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың жеке басқұқықтары мен мүліктік құқықтарын қорғауға, шаралар қолдануға міндетті. Айыпталушының, сотталушының өзін-өзі қорғау үшін ең қажетті жағдай, ол оның өзінің жетік білетін тілінде өз ойын, көрген, білгенін тергеушіге, сотқа түсіндіріп беру болып табылады.
ҚР ҚПК-нің 30-бабына сәйкес Қазақстанда қылмыстық сот ісін жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі, сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілмен қатар ресми орыс тілі, ал қажет болған кезде басқа тілдерде қолданылады. Қылмыстық процесті жүргізетін орган істі орыс тілінде немесе басқа тілдерде жүргізу қажет болған кезде сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы уәжді қаулы шығарады. Бұл заң талабы бойынша кез келген қылмыстық іс қазақ тілінде басталу керек, ал істі орыс тілінде қозғап кейін қазақ тіліне ауыстыру ол заңға қайшы болып табылады.
Сонымен қатар, күдікті, айыпталушы, сотталушы орыс тілін түсіну, аздап сөйлеуі мүмкін, бірақ жетік білмейді соған қарамастан іс орысша жүргізіледі, ал аталған баптың 3-тармағында көрсетілгендей, іс бойынша іс жүргізілетін тілді білмейтін немесе жеткілікті түрде көрсетілгендей, іс бойынша іс жүргізілетін тілді білмейтін немесе жеткілікті түрде білмейтін іске қатысатын адамдарға ана тілінде сөйлеу, түсініктемелер, айғақтар беру құқығы беріледі. Соттармен тергеп-тексеру органы тарапынан қылмыстық істер бойынша сот өндіріс тілі, қағидалары бұзылған жағдайда, судья ҚР ҚПК-заңдылықтарына сәйкес аталған заңсыздықтарды жою үшін істі прокурорға кері қайтарады.
Сондықтан сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бақылаушы орган прокуратура тарапынан тіл мәселесі бақылауда болуы тиіс. Қылмыстық іс жүргізу тіліндегі заңдылықты сақтау қылмыстық процестің негізгі қағидатына жатады.
Қоғамда қазақ тіліне байланысты талап болмайынша бұл мәселеде түбегейлі өзгеріс күту күрделі. Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Демек, әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді құрмет тұтып білуі тиіс. Ана тіліміздің жұлдызын тек тұрмыста емес, кәсібімізде де биіктетуіміз керек.
А.Ахметжанов, Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кеңсесінің Сот приставы.