Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұрғындар түйнеме жұқтырды: Ақмола облысындағы ауылда карантин жарияланды - АРҚА АЖАРЫ

Тұрғындар түйнеме жұқтырды: Ақмола облысындағы ауылда карантин жарияланды

– Ақмола облысындағы Үшқарасу ауылында мал қырылып, адамдар түйнемемен ауруханаға жатқызылды. Ертең ауыл карантинге жабылады. Бұл туралы облыстық Ветеринария басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство дерегінше, 2023 жылдың 28 тамызында Ақмола облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен Жарқайың ауданындағы ЖШС жұмысшылары «түйнемеге» шалдыққандығы туралы хабар түскен.

ЖШС директорының айтуынша, 32 бас ірі қара мал қырылған. Өлген мал жойылды, ал еті комиссиялық түрде тәркіленді.

«Есіл аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне 12 адам жатқызылды. Сонымен бірге, байланыста болған 22 адам анықталып, олар Жарқайың аудандық ауруханасының медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды. Клиникалық көрінісі мен зертханалық мәліметтері бойынша «түйнеме» диагнозы қойылды. Науқастар клиникалық хаттамаға сәйкес ем қабылдайды, детоксикация терапиясы, антибактериалды терапия жүргізіледі», — деді ведомстводан.

Ветеринария басқармасынан атап өткендей, санитариялық қызмет эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізіп жатыр. Ауданның бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес байланыста болған адамдарға медициналық бақылау орнатылды.

Дезинфекция барлық тексерілген ошақтарда жүргізілді.

«Оқиға орнында СЭС, денсаулық сақтау мамандары, сондай-ақ Ветеринариялық бақылау комитетінің аумақтық инспекциясы мен ветеринария басқармасының қызметкерлерінен құралған топ жұмыс істеп жатыр. Ертең Үшқарасу ауылының аумағында карантин жарияланады. Инфекция ошағын жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ауылшаруашылық өнімдерін тасымалдауды шектеу мақсатында аудандық полиция бөлімі Үшқарасу ауылына бекеттер орнатты. Ауыл маңына полиция нарядтары қойылып, кіріп, шығатын көліктер мен адамдарды тіркеп жатыр», — деп толықтырды ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысындағы ауыл бруцеллезге байланысты карантинге жабылғанын жазған едік.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар