Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Арман Шаққалиев Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды - АРҚА АЖАРЫ

Арман Шаққалиев Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды

— Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Абайұлы Шаққалиев Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Арман Шаққалиев 1977 жылы Қарағанды облысының Балқаш қаласында дүниеге келген.

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университетін, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша «Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі» ААҚ заң кеңесшісі болып бастаған.

2001-2002 жылдары – ҚР Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттіктің бас маманы, бөлім бастығы.

2002-2004 жылдары – ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеттің дәрменсіз кәсіпорындарды талдау және мониторингілеу басқармасының басшысы.

2004-2006 жылдары – «Қазақстан метрология институты» РМК директоры.

2006-2007 жылдары – Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет төрағасының орынбасары.

2007-2008 жылдары Қаржы, Экономика және Бюджеттік жоспарлау министрліктерінің, «ҚазАгро» холдингі құрылымдарында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2008-2016 жылдары — «Қазақстан стандарттау және метрология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры.

2016-2018 жылдары – Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры.

2018-2019 жылдары – ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы.

2019-2020 жылдары ҚР сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2020 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Мәскеу қ. Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі (министр) болды.

2022 жылы қарашада Қазақстан Республикасының сауда және интеграция бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар