Қазақстандағы жаңа модель жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды бірден балалар үйлерін айналып өтіп, кәсіби қабылдаушы отбасыларға беруге мүмкіндік береді. Жобаны біздің облыста пилоттық режимде Оқу-ағарту министрлігінің балалар құқықтарын қорғау комитеті мен «АНА ҮЙІ» ҚҚ бірлесіп іске қосуда.
«Ақмола облысы кәсіби қабылдаушы отбасылар пилоттық жобасы енгізілмек алғашқы өңір болып табылады. Бұл бүкіл ел бойынша кәсіби отбасылар институтын масштабтау және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерді қайта институттандыру үшін негіз болады», — деді Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Шоқан Оразалин.
Отбасының үш түрі ұсынылады:
— шұғыл орналастыру — балалардың ата-аналарын, туыстарын іздеуге және туған отбасына қайтару үшін 72 сағаттан астам емес (шұғыл мерзім);
— қысқа мерзімді орналастыру – баланың құқықтық мәртебесін айқындауға және отбасыға орналастыру үшін 6 айдан астам емес;
— ұзақ мерзімді орналастыру – бала кәмелетке толғанға дейін (баланы отбасына орналастыру мүмкін болмаған жағдайда).
«Кез келген бала үшін, қанша жаста болса да, жанында жақын ересек адам болуы өте маңызды. Тыңдай алатын, оның қажеттіліктерін сезінетін, сұраныстарына жауап беретін адам. Бүкіл әлемде балаларға арналған интернат мекемелерінен әлдеқашан бас тартқан, өйткені тек отбасы ғана отбасылық тәрбие тәжірибесін бере алатынын түсінген», — деп бөлісті «АНА ҮЙІ» ҚҚ атқарушы директоры Ажаркүл Қылышбаева.
Кәсіби ата-аналар үшін баланы тәрбиелеу негізгі жұмыс нысанына айналады. Балаларды тәрбиелеуге беру шарт негізінде жүзеге асырылатын болады. Қабылдаушы ата-аналар өз еңбегіне төленетін ақымен қоса балалардың санына байланысты балалар күтімі үшін ақша алады. Кәсіби қабылдаушы отбасы болуға үміткерлер қорғаншылық органдарға өтініш береді, содан кейін психологиялық дайындықтан өтуі керек. Отбасы сертификат алғаннан кейін, кәсіби қабылдаушы отбасы болуға өтініш бере алады.
Кәсіби ата-ана болуды негізгі жұмыс нысаны ретінде қарастыратындар үшін біз кәсіби қабылдаушы отбасы болуға үміткерлер үшін пилоттық жобаға қатысу алгоритмін дайындадық. Осы мәселе бойынша қосымша ақпарат алу үшін «АНА ҰЙЫ» ҚҚ өңірлік директоры – Күнсұлу Бөлекпаеваға, 8-7474-311-4096 телефонына хабарласуға болады.