Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Қазақстан халқына» қорының шарапаты - АРҚА АЖАРЫ

«Қазақстан халқына» қорының шарапаты

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов және «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев облыстық әкімдікте «Қазақстан халқына» қорының қызметі өңірлер үшін» деген тақырыппен өткен дөңгелек үстел отырысына қатысып, қордың аймаққа көрсетілетін қайырымдылық көмегіне қатысты  мәселелерді пысықтады.

Басқарма төрағасы Болат Жәмішевтің айтуынша, дөңгелек үстел Ұлттық қайырымдылық бойынша өңірдің қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларын іске асыру жөніндегі бастамаларды талқылау мен айқындау мақсатында өткізіліп отыр. Ақмола облысына келгенге дейін Қор денсаулық сақтау, білім беру, спорт және мәдениет секілдіәлеуметтік салалар бойынша коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен 21 онлайн кездесу өткізіп, жұртшылықты толғандыратын мәселелержөнінде Қордың атсалысуымен шешілетін 100-ден астам ұсыныс алыпты. Қор қазақстандықтардың денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларындағы негізгі проблемаларын шешу   ге бағытталған жалпы сомасы 146,5 миллиард теңгеге 40-тан астам қайырымдылық бағдарламалар мен жобаларды қаржыландырады. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетеді. Қордың бағдарламалары елдің барлық өңірлерінде ауылдық елдімекендер мен шағын қалаларға баса назар аудара отырып, іске асырылады.

Дөңгелек үстел барысында Болат Жәмішев «Қазақстан халқына» қорының жүзеге асырған қайырымдылық бастамаларына тоқталып,Ақмола облысына бүгінге дейін 1 миллиард теңгеден астам соманың көмегі көрсетілгендігін атап өтті, сондай-ақ, отырысқа қатысып отырған қоғамдық ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне осы орайда іске асырылған және жоспарланған қайырымдылық жобаларын таныстырды.

– Ақмола облысында 2,9 миллиард теңгенің 14 қайырымдылық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда 1,2миллиард теңгеге қайырымдылық жасалды және алдағы уақытта 1,7 миллиард теңгеге қолдау көрсету жоспарлануда. Нақты тоқталатын болсақ, денсаулық сақтау саласы бойынша Ақмола облысында ауыр, өмірге қауіп төндіретін және орфандық аурулары бар 24 науқасқа 663,2 миллион теңгеге дәрі-дәрмек сатып әперілді. Бір пациенттің Ресей Федерациясында өткен еміне 1,9 миллион теңге төленді. Қан-тамырлары патологиясы бар 4 баланың өтінімі қабылданып,  оларға дәрі-дәрмек терапиясы тағайындалды. Медициналық мекемелерді офтальмологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету шеңберінде Көкшетау қаласындағы көпсалалы облыстық ауруханаға 4 миллионтеңгеге диагностикалық линзалар мен офтальмологиялық дулыға сатып алынды.Балалар нейрохирургиялық қызметін дамыту шеңберінде облыстық көпбейінді балалар ауруханасына 61 миллион теңгенің жабдықтары сатып алынады, – деді Болат Жәмішев.

Сонымен бірге, қор өңіріміздің екі тұрғынына жалпы сомасы 11 миллион теңгені құрайтын инновациялық протездер алып беріп, Жақсы аудандық ауруханасының базасында оңалту орталығын ашуға көмектеспекші. Білім беру саласы бойынша тірек мектептердің әлеуетін дамыту шеңберінде Қатаркөл ауылындағы Әбілқайыр Досов атындағы жалпы білім беретін мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылған. Алдағы уақытта осы тірек мектептер жобасы аясында Жібек жолы ауылында, Шортанды кентінде, Макинск және Ақкөл қалаларында 4 тірек мектеп ашу жоспарлануда. Степногорскідегі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған №3 арнайы мектеп-интернаты30,9 миллион теңгеге қажетті құрал-жабдықтармен  жарақтандырылады.   Инженерлік құзыреттілікті дамыту мақсатында облыстың 16 мектебінде робототехника кабинеттері ашылып, робототехниканы зерделеуге арналған бағдарламалық-аппараттық кешенмен жабдықталыпты. Енді алдағы кезеңде «Болашақ инженерлер моноқалаларда» бағдарламасы бойыншаөңірдің 13 мектебі робототехника кабинеттерімен жабдықталады. Ағымдағы оқу жылында Қор Ақмола облысының талапкерлеріне 17 білім беру грантын тағайындапты. Олардың 8-і А.Мырзахметов атындағы, 9-ы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеттерінде білім алуда. Спорт саласы бойынша Тасты ауылында 1 спортзалы ашылса, алдағы уақытта облыстың тағы 4 ауылында жасөспірімдер мен жастарға арналған спорт залдарын ашу жоспарланыпты.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау, әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармаларының басшылары Нұрлан Ахильбеков пен Шолпан Рахматуллина дөңгелек үстел барысында өз салалары бойынша «Қазақстан халқына» қорының  көмегін қажет ететін бірнеше жобаларды ұсынған болатын. Алайда, қордың басқарма төрағасы әлі де бұл жобаларды жетілдіріп, сосын барып басқармаға жолдауларын баяндады.

Облыс әкімі Марат Ахметжанов шара соңында Болат Жәмішевке өңірімізге келіп, қорға қандай жобалар ұсыну қажеттігі туралы ақпарат бергені, облыс аумағында іске асырылған және алдағы уақытта қолға алынатын жобаларға қолдау білдіргені үшін алғысын жеткізді. Сондай-ақ, аймақ басшысы алдағы күндері басқарма басшыларымен ақылдасып және басқа облыстардың тәжірибелерін негізге ала отырып, «Қазақстан халқына» қоры арқылы іске асыруға болатын әлеуметтік маңызды жобалар қарастырылып, жолданатындығына тоқталды.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар