Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Туризм табысы мол салаға айналуы керек - АРҚА АЖАРЫ

Туризм табысы мол салаға айналуы керек

Туризм – Ақмола облысы үшін өте-мөте маңызды салалардың бірі.  Бурабай, Зеренді курорттық аймақтары, «Көкшетау», «Бурабай», «Бұйратау» ұлттық табиғат парктері, Қорғалжын табиғи қорығы осы сөзіміздің дәлелі.

Аймақта қазақстандық және шетелдік туристер үшін тартымды шипажайлар, демалыс үйлері мен аймақтары, киелі орындар, қызықты туристік маршруттар аз емес.

Бірақ, бұл салада әлі де көптеген проблемалар бар. Оларды кешенді түрде шешу жергілікті бюджетке түсетін кірісті ұлғайтуға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.  Бұл үшін не қажет екенін осы комиссияның экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Марат Қойшыбаевтың төрағалығымен өткен отырыс жақсы көрсетіп берді.

Комиссияда тыңдауға облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Андрей Подгурский, «Көкшетау»мемлекеттік ұлттық табиғат паркінің (МҰТП) бас директоры Ербол Сағдиев және «Бурабай»  ұлттық табиғат паркі директорының орынбасары Бауыржан Махметов шақырылды.

А.Подгурскийдің айтуынша, облыста туризм саласында 600-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Бірінші жартыжылдықта аймақ курорттарына 7449 шетелдік турист келді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда үш есе көп.

Ағымдағы жылы туризм саласында 23,3 миллиард теңгенің 65 инвестициялық жобасы іске асырылуда.  Щучье-Бурабай курорттық аймағын абаттандыру және санитарлық жағдайын жақсарту бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. Жазғы кезеңде туристер ағынының ұлғаюын ескере отырып, қоқыс алаңдары, контейнерлер мен урналар саны екі есеге көбейді, қосымша санитарлық тораптар сатып алынды және орнатылды.

«Көкшетау» МҰТП бас директоры Е.Сағдиев Зерендіде электрмен жабдықтау мәселесіне назар аударды. Желілердегі жиі апаттар көбінесе, ауылды ғана емес, демалыс орындарын да жарықсыз қалдырады, бұл аймақтың туристік имиджіне жақсы әсер етпейді.

Депутаттар көптеген сұрақтар қойып, бірқатар ұсыныстарды, соның ішінде Көкшетау мен Омбы арасындағы теміржол қатынасын қалпына келтіру қажеттігін алға тартты. Тұрақты комиссияның төрағасы М.Қойшыбаев барлық ұсыныстар міндетті түрде бейінді ведомстволарға жіберілетінін атап өтті.Сондай-ақ, ол жаңа Туризм және спорт министрлігі, ал, қазан айынан бастап Ақмола облысында жеке туризм басқармасының құрылуы өңірде туризм саласын дамытуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Қарлыға МҰХАТАЕВА,
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар