Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов кеңесшілерімен кездесті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Аймақ басшысы өңірдегі ағымдағы жағдай және жергілікті атқарушы органдар жүргізіп жатқан жұмыс туралы айтып берді.
Кездесу барысында 2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымын, құрылыс саласын, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың проблемалық мәселелері көтерілді. Облыс әкімі барлық, оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар шеңберіндегі жобаларды іске асыруда проблемалық-бағдарланған тәсілді қолданудың маңыздылығын атап өтті.
–Жылу беру маусымының өтуін талдай отырып, біз Көкшетаудағы жылудың 49 пайызына дейінгісі оны қазандықтан пәтерлерге дейін тасымалдау процесінде жоғалатынын анықтадық. Қазір біз баламалы шешімді қарастырып жатырмыз. Ол – облыс орталығында 1,2 миллиард теңгеге жылу магистральдарына күрделі жөндеу жүргізу. Мұндай шешім жаңа қазандық салу қажеттілігінсіз келесі жылу беру маусымында отыннан шамамен 1,5 миллиард теңге үнемдеуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Марат Ахметжанов.
Облыс әкімінің отбасы және әйелдер мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Құралай Жұмабекова өңірдегі «Аналар үйі» жобасы туралы айтып берді.
–Біздің басты миссиямыз – балалардан бас тартудың алдын алу, баланы отбасында сақтау, біз жетімдікті қысқарту және балалардың балалар үйінде болмаулары үшін жұмыс жүргіземіз. «Аналар үйі» жобасы бойынша бүгінде мыңдаған балалар аналарымен бірге тұрады, – деді Қ.Жұмабекова.
Облыс әкімінің дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Сергей Цырульников іске асырылып жатқан әлеуметтік жобалармен бөлісті.
–Біздің бастамаларымыздың бірі – «100 ауыл» жобасы, онда біз демеушілерді тарта отырып, ауыл мектептерін қажетті спорттық құралдармен қамтамасыз етуге көмектесеміз. Бұл қайырымдылық іс-шаралар балаларға спортпен белсенді айналысуға мүмкіндік береді. Ақпараттық технологиялар мен теледидардан зардап шеккен бүгінгі жастар болашақта ықтимал проблемаларды болдырмау үшін біздің белсенді қатысуымызды қажет етеді. «Сондай-ақ, инклюзивті аймақтары бар «Зияткерлік класс-конструктор» әлеуметтік жобасы іске қосылды. Барлығын қамту мүмкін болмаса да, біз балалардың белгілі бір топтарымен жұмыс істеуге дайынбыз. Сіздерді осындай сыныпты ашуға шақырамыз», – деді С.Цырульников.
–Сіздің пікіріңіз әртүрлі мәселелер бойынша тиімді шешімдерді қамтамасыз етуде өте маңызды, – деп толықтырды облыс әкімі.
Кездесу соңында Марат Ахметжанов жинақталған міндеттер мен оларды шешу мүмкіндіктерін талқылау, сондай-ақ, қазіргі уақытта Ақмола өңірі үшін ең өзекті болып табылатын мәселелерді талдау үшін екі аптадан кейін қайта кездесуді ұсынды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.