Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мердігерлерден тұрғындар алдында  адал болу талап етілді - АРҚА АЖАРЫ

Мердігерлерден тұрғындар алдында  адал болу талап етілді

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Целинград ауданына жұмыс сапары барысында білім ошақтарын аралап, ондағы құрылыс және жөндеу жұмыстарымен танысып, аудан активімен кездесті.

Ауданда білім ошақтары жетіспейтіні байқалады.  Мұнда 100 мыңға жуық тұрғын бар. Алайда, үлкен ауданда мектеп тапшы. Кей ауылдар Астанаға жақын болғандықтан, балалардың көбі елордаға қатынап білім алуда. Облыс әкімінің сапары Нұресіл ауылындағы 1982 жылы салынған «Болашақ» балабақшасына барудан басталды. Нысанның жобалық қуаты 120 баланы құрайды, алайда, іс жүзінде 96 бала тәрбиеленеді. Қызметкерлер ғимараттың жалпы жағдайын бір қалыпта ұстап тұру мақсатында жөндеу жұмыстарын жиі жүргізуге тырысады. Дегенмен, тозығы жеткен ғимаратқа күрделі жөндеу жұмысы артық етпесі анық. Бөбекжайдың меңгерушісі Айзада Уызбай ағымдағы жөндеу жұмыстары 2018 жылы жүргізілгенін баяндады.  Оның айтуынша, нысанға енді күрделі жөндеу қажет. Келер жылға жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Оның құны 5 миллион теңгені құрайды. Сонымен бірге, балабақшаның есік-терезелерін, жылу құбырлары мен төбесін жаңартып, жаңадан жиhаздар мен арнайы қондырғылар да сатып алу керек.  Облыс әкімі Марат Ахметжанов күрделі жөндеу жүргізуге көмек көрсететінін жеткізді. Мұнымен қоса, аймақ басшысы балабақшаның кішкентай тәрбиеленушілеріне сыйлықтарын ұсынды.

− Ең бастысы,жұмысты дұрыс ұйымдастыру. Бұл ауылдағы жалғыз балабақша, сондықтан, жөні түзу мердігер табу қажет. Бүлдіршіндердің балалық шағы бизнеске айналмауы тиіс,−деп қадап айтты Марат Ахметжанов.

Балабақшадан кейін облыс әкімі Нұресіл ауылындағы мектепте күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Жоба құны 453 миллион  теңге. Дегенмен, мердігердің жұмысына көңіл толмайды. Білім ошағын аралап шыққан  аймақ басшысы мердігерге сын айтты. Танысу барысында ғимаратта жасалған жөндеу жұмыстарының сапасы жобада көрсетілген талаптарға сай емес екендігі анықталды.

− Прокурорлық тексеріс жүргізу қажет. Керек болса, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелсін.  Бюджетті тонап, қашып кеткендерін күтіп отырудың қажеті жоқ, − деді Марат Ахметжанов.

Мектептен кейін «Ақтық» мал шаруашылығы кешеніне барды. Оның негізгі қызметі егіншілік және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу болып табылады. Дәнді дақылдардың 1,2 және 3 репродукциялы тұқымдарын және жылқы шаруашылығының элиталық тұқымдарын өндіреді және өткізеді. Облыс әкімі кешеннің стратегиялық тұрғыдан тиімді орналасқандығына назар аударды. Өйткені, елордаға жақын. Бүгінде Ақмола облысы Астананы 30 пайыз ет және 28 пайыз сүтпен қамтамасыз етеді. Марат Ахметжанов кешеннің өнімділігі мен әлеуетін арттыру қажеттігін атап өтті.

Бұдан кейін әкім 80 және 1200 орындық мектептердің құрылыс барысымен және жол төсемінің сапасымен, сондай-ақ, он 30 пәтерлік несиелік үйлердің құрылысымен танысты. Аймақ басшысы жауапты мердігерлерге барлық жұмыстарға жауапкершілікпен қарап, тұрғындардың алдында адал болу керектігін жеткізді. Ауданда өздеріндегі мектептерде жөндеу жұмыстарын күткен  бірнеше елдімекен бар. Осыған орай, «Жайлы мектеп» жобасы аясында облыс бойынша осы ауданда ең көп жаңа білім ошағы бой көтеруі тиіс. 9200 орындық 7 мектеп салынады деп жоспарлануда.  Бірақ, мердігерлер тарапынан жұмыс сапасыз бола ма деген күдік туындайды. Марат Ахметжанов жобалардың жүзеге асуы бюджетпен емес, нақты нәтижелермен көрінуі тиіс екенін  атап өтті.

Мектептерден кейін Марат Ахметжанов күніне 250 адам қабылдай алатын аудандық емханаға барды. Бұл нысан 1,3 миллиард теңгеге 2014 жылы салынған. 446 қызметкер жұмыс істейді. Биыл емханаға 13 маман жұмысқа келді, тапшылықтағыекі адамды құрайды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Ахильбеков ауданда дәрігерлер үшін барлық жағдайлар жасалғандығын  атап өтті.

Әкім барған соңғы нысан – халыққа қызмет көрсету орталығының құрылысының  жалпы құны 1,5 миллиард теңге. Жоба мердігері «NAK Construction» серіктестігі болып табылады. Аудан әкімінің орынбасары Серік Оспановтың айтуынша, жобаны іске асыру кезеңі 2021-2023 жылдар. Дегенмен, 833 миллион теңге қаржы тапшылығына байланысты нысанның уақытында пайдалануға берілмеу қаупі бар. Марат Ахметжанов қиындықтарға қарамастан, құрылысты аяқтау керек екендігін және әкімдік тарапынан барлық қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Жұмыс сапары аудан активімен кездесумен аяқталды. Оның барысында аймақ басшысы шаруашылықты тиімді жүргізу мен қатаң бақылау халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға әкелетінін атап өтті.

− Президенттің тапсырмалары халықтың сұраныстарына сәйкес келеді, сондықтан, қазір трансформация уақыты жақсы. Әрине, бірқатар проблемалар бар, бірақ біз оларды мұқият шешеміз, − деді бұл ретте, облыс әкімі.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суреттерді түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар