Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы пилоттық жоба іске қосылады - АРҚА АЖАРЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы пилоттық жоба іске қосылады

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалижәне Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановоблыстың білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында «Бірыңғай цифрлық есеп» пилоттық жобасын іске асыру туралы бірлескен шешімге қол қойды.

Кездесуге облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары, аудан-қала әкімдері, облыстық мәслихаттың депутаттары, қоғамдық ұйымдар мен бизнес қауымдастықтардың өкілдері офлайн және онлайн форматта қатысты.

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету, оны болдырмай, алдын алу – Мемлекет басшысының алдымызға қойып отырған басым бағыттардың бірі. Бұл үшін нақты әрі жүйелі шаралар қабылдануда. 2022 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026  жылдарға арналған Тұжырымдамасы бекітілді. Бұл Тұжырымдаманы жасауға Ақмола облысының қазіргі әкімі Марат Мұратұлының қосқан үлесі зор. Бүгінде сыбайластық көріністері белең алып, заңдылықтардың сақталмауы көбіне білім саласында орын алып отыр. Жыл сайын бұл салаға мемлекет қазынасынан қыруар қаржы қарастырылады. Соңғы үш жылды алып қарағанда, республика бойынша білім саласына 12 триллион теңге бөлінген екен. Бұл қаржыға ұстаздардың еңбекақысы екі есеге ұлғайтылды, мектептер салынып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы 5 триллион теңге осы салаға бағытталды. Бірақ, қаржы көбейген сайын сыбайластық тәуекелдеріне жол беру де ұлғайып барады, оған қозғалып жатқан бірқатар  қылмыстық істер айқын дәлел, –дей келе, Агенттік төрағасы республика бойынша қазынадан бөлінген қаржыны мақсатты жұмсамаған облыстарда орын алған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен мысалдар келтірді. Сонымен бірге, бизнес саласындағы сыбайлас жемқорлық туралы да тоқталды.

Кеңесте Агенттіктің Превенция қызметі басшысының орынбасары Данияр Мағауин білім саласына бөлінген бюджет қаржысын жымқырудың анықталған жолдары бойынша жан-жақты баяндама жасай келе, жақында Павлодар облысында қолға алынған білім беру ұйымдарындағы «бірыңғай цифрлық есеп»пилоттық жобасын түсіндірді. Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанына дейінбұл қанатқақты жоба Ақмола облысының да4 ауданындаіске қосылмақшы. Жоба аясында «бірыңғай цифрлық есеп» арқылы бюджеттен бөлінген қаржыға автоматты түрде есеп жүргізіледі. Егер жоба бюджет қаражатын жымқырудың жолдарына тосқауыл бола алса, облыстың тағы екі ауданында іске қосылады.

Бұдан әрі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастығы Асхан Оразхан өңірдегі сыбайлас жемқорлық әрекеттерін алдын алу және әшкерелеу  жөнінде есеп берді.

– Бүгінгі күні облыста 34 мыңнан астам адамды қамтыған 1317 білім беру ұйымы жұмыс істейді. Барлық ұйымдарды бір мезетте қамтып, үнемі бақылауда ұстау, әрине, қиын. Жұмыс барысында солардың ішінде жекелеген тұлғалардың бюджет қаражатын жымқыру фактлері де кездеседі.Сондықтан басқарма сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жұмыстар жүргізуде. Бұл орайда, бюджеттік өтінімді қалыптастыру және бекіту кезінде бюджет заңнамасын қатаң сақтау мақсатында бірінші басшының дербес жауапкершілігі туралы бұйрық шығарылып, барлық басшыларға жеткізілді, облыстың білім беру ұйымдарына жұмысқа орналасу және аттестаттаудан өту кезінде сертификаттардың түпнұсқалығын тексеруді қатаң ескеру дебірінші басшылардың жауапкершілігіне жатады, – деген облыстық білім басқармасының басшысы Шоқан Оразалин білім беру ұйымдарындағы қаржылық бұзушылықтарға көбінесе жалақылары төмен бухгалтерлер жол беретінін ескере келе, басқарма тарапынан Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне мемлекеттік ұйымдардың қаржы қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру мүмкіндігін қарастыру туралы хат жолданғанын атап өтті. Бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің ұсынысыменоблыстабілім беру жүйесінде аталған жобаны іске қосу көзделген.

Кездесу соңында облыс әкімі Марат Ахметжанов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали «Ақмола облысының білім беру ұйымдарындағы бірыңғай цифрлық есеп» пилоттық жобасын іске асыру туралы бірлескен шешімге қол қойды.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар