«Достар» мәдениет сарайында «Сұңқар» Көкшетау қалалық универсиадасы аясында жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері арасында «Асық ату» және «Бес асық» ұлттық спорт түрлері бойынша жарыс өтті. Жарысқа 100-ге жуық адам қатысты.
Іс-шара ұлттық спорт түрлерін дамыту және «Құлагер» облыстық спартакиадасына қатысу үшін Көкшетау қаласының құрамасын қалыптастыру мақсатын көздейді.
Бірінші күні жоғары оқу орындарының студенттері бақ сынасты. Жарысқа әрқайсысы 3 қыз және 3 ұл, барлығы алты адамнан тұратын үш команда қатысты. Оның барысында бірінші орынды Ш.Уәлиханова атындағы Көкшетау қаласының университеті, екінші орынды А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті иеленсе, үшінші орынға Көкшетау жоғары медициналық колледжі лайық деп танылды.
Екінші күні жарысқа орта арнаулы оқу орындары студенттерінен 6 команда қатысты. Барлық қатысушылар жақсы техника мен жеңіске деген ерік-жігерлерін көрсетті. Бірақ, ең жақсы нәтижені бірінші орынға ие болған Көкшетау жоғары көпсалалы азаматтық қорғау колледжінің командасы көрсетті. Екінші және үшінші орындарды Ж.Мусин атындағы қазақ жоғары педагогикалық колледжі мен №1 құрылыс техникалық колледжінің командалары иеленді.
Жарыс жастардың ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылығының артқанын көрсетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және дене шынықтыру және спорт бөлімінің атынан грамоталармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.