Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында 44 мыңнан астам ақбөкен ауланады - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында 44 мыңнан астам ақбөкен ауланады

Ақмола облысында ақбөкендердің саны реттеле бастады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Лашынтай Дүйсенов мәлімдеді.

Өңірде аңшылық алқаптарының жалпы аумағы 12 миллион  343 мың гектарды құрайды, оның ішінде 12 миллион 114 мың гектар алқапта 161 аңшылық шаруашылығы ұйымдастырылған.  Сондай-ақ, шаруашылықаралық аңшылықты орналастыру жүргізілмеген резервтік қордың аңшылық алқаптарының аумағы 229,1 мың гектар.

Қазақстан Республикасының  Үкіметі «ақбөкендер популяциясын басқару жөніндегі шаралар туралы» 2023 жылғы 16 тамыздағы № 686 Қаулы қабылдады. Онда ақбөкендер санын реттеу мерзімі ағымдағы  жылғы 15 қыркүйектен 30 қарашаға дейін белгіленді. Осы Қаулыны орындау үшін Қазақстан Респуликасының Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 263 бұйрығымен ақбөкен саны реттелуге жататын жануарлар түрлерінің тізбесіне енгізілді.  Жалпы, облыста ақбөкендердің санын реттеу бойынша жұмыстар ағымдағы жылғы 6 қазанда Атбасар, Қорғалжын, Егіндікөл аудандарының аумақтарында белгіленуі жоспарланған желілік коралды қолдана отырып басталды.

«Охотзоопром» ӨБ»  қазыналық кәсіпорны Ақмола облысында 6 қазанда 44 мыңнан астам ақбөкендердің санын реттеуге рұқсат алды. Оның 6707-сі аталық және 15 651-і аналық ақбөкендер және 22 359-ы жас төлдер.

Бүгінгі таңда екі аталық ақбөкентор арқылы ауланды. Брифинг барысында басшы табиғи өлімнен жиналған, сондай-ақ, браконьерлерден тәркіленген сандарды реттеу нәтижесінде алынған ақбөкендердің мүйіздері жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенциялар талаптарын ескере отырып, заңда белгіленген тәртіппен одан әрі сақтау,іске асыру үшін «Охотзоопром ӨБ» қазыналық кәсіпорнына жіберілетінін айтты.

−Санын реттеу нәтижесінде ауланған ақбөкендердің еттерін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган белгілеген баға бойынша ет өңдеу кәсіпорындарына беру жоспарлануда. Ақмола облысының аумағында бұл Қорғалжын ауданында орналасқан «Астана Агро Продукт» серіктестігінің  ет өңдеу комбинаты, − деді өз сөзінде Лашынтай Дүйсенов.

Сонымен бірге, ол облыс аумағында  қасқыр санын реттеу бойынша жағдайды айтып берді. Спикердің айтуынша, биылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында қасқыр мен қорқау қасқыр санын реттеу жөніндегі биологиялық негіздемеге сәйкес, Ақмола облысының аумағында 5  қасқырды тәркілеу лимиті, яғни, 2022 жылғы санның 10 пайызы ғана рұқсат етілді.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар