2023 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ақпараттық жүйесінде «Үздік педагог» атағын беру конкурсының облыстық кезеңі өткізілді. Конкурсқа облыстың мемлекеттік білім беру ұйымдарының 30 педагогі қатысты.
Конкурсқа қатысушы педагогтер өздерінің конкурстық материалдарын министрліктің ақпараттық жүйесіне жүктеді. Оның ішінде педагогтің портфолиосы, бейнесабағы, «Озық педагогикалық тәжірибені трансляциялау» бейнеролигі және эссе бар.
Конкурстың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша келесі педагогтер жеңімпаз деп таңылып, республикалық кезеңге қатысу үшін жолданды:
1.Серкешбаева Гульжанат Нурмагамбетовна, Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы;
2.Дуйсенова Асия Пермекуловна, Қосшы қаласының IT мектеп-лицейінің, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
3.Калмаганбетова Гулайым Тастановна, Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 9 мектеп-гимназиясының, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
4.Хасихан Енгилик, Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің, математика пәні мұғалімі;
5.Шульгина Ольга Ивановна, Атбасар қаласының балалар-жасөспірімдер шағармашылығы орталығының, қосымша білім беру педагогы.
Құттықтаймыз және республикалық кезеңде жеңіс тілейміз!