Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сапа басты назарда болуы қажет - АРҚА АЖАРЫ

Сапа басты назарда болуы қажет

Облыс әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша ағымдағы жылғы үш тоқсандаатқарылған жұмыстар пысықталып, жергілікті бюджеттің орындалу барысы талқыланды. 

Отырысты аймақ басшысы әкімдік аппаратындағы кадрлық өзгерістермен таныстырудан және Ұлттық мереке – Республика күніне орай «Парасат» орденімен марапатталған облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Дулат Нұрмолдин мен «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» медаліне ие болған Степногорск қаласындағы дарынды балаларға арналған «Болашақ» мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Үмітжан Еңсебаеваны мемлекеттік наградаларымен құттықтаудан бастады. Әкімдік отырысына облыстық мәслихаттың төрағасы Бейбіт Жүсіпов, облыс әкімінің орынбасарлары, аппарат жетекшісі, аудан-қала әкімдері, облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес өңірдің ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының жаңа басшысы Алмагүл Шүгірмақова баяндады. Оның айтуынша, үш тоқсанның қорытындысы бойынша облыста әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің біршама өскені байқалады.

–Есептік кезеңде өнеркәсіп өндірісінің өсуі тау-кен өндіру және өңдеу салаларының өнім көлемін едәуір ұлғайту есебінен орындалды. Тау-кен өнеркәсібіндегі көрсеткіштер құрамында алтыны бар концентраттарды өндіру көлемінің 1,9 есеге және құрамында алтыны бар кенді өндіру көлемінің 11,9 пайызға ұлғаюына байланысты өсті. Өңдеу өнеркәсібінде өсу тенденциясы сақталуда, яғни, металлургияда өңделмеген алтын өндірісінің көлемі 28,2 пайызға, машина жасауда – астық жинайтын комбайндардың шығарылымы 1,7 есеге, тамақ өнімдерін дайындауда – өсімдік майы 1,6 есеге және сары май 32,5 пайызға, ет 17,4 пайызға, сүт 10,1 пайызға ұлғайды. Өңірлерді бөліп қарастыратын болсақ, Бурабай, Қорғалжын, Шортанды аудандарында нақты көрсеткіш индикаторларының өсуі байқалады, –деді Алмагүл Қайырлықызы.

Етті және сүтті мал шаруашылығын дамыту барысында ағымдағы жылы 2,6 мың бас етті ірі қара сатып алынып, 46 ет фермасыжәне 5 тауарлы сүт фермасыашылыпты. Баяндамашы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі 7 көрсеткіші бойынша ең төмен нәтижелер берген өңірлерді, яғни, Біржан сал, Жарқайың, Сандықтау, Егіндікөл аудандары мен Степногорск қаласын атап өтті. Өңір басшысы Марат Мұратұлы отырыста бұл аудандардағы төмен көрсеткіштердің орын алуының себептерін әкімдерін орындарынан тұрғызып сұрап білді және жыл соңына дейін қолдан келгенше жағдайды дұрыстауды,статистикалық көрсеткіштермен айналысуды қоюды тапсырып, әрқайсысына сын-ескертулер жасады. Бұған қоса, облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысынабюджетті жоспарлау кезінде аудандар тарапынан ұсынылатын инвестициялық жобаларды қарастырғанда өңірлердің әлеуетін, сол жобаның аталған өңір халқына қажеттігі бар-жоғын, пайдасы мен зиянын қоса ойластыруды тапсырды.

2023 жылдың үшінші тоқсанындағы облыс бюджетінің атқарылу қорытындысы туралы облыстық қаржы басқармасының басшысы Талғат Бөлтенов айтып берді. Баяндамашының мәліметіне қарағанда, жыл соңына дейін республика бюджетінен біздің облысқа бөлінген 20 миллиард теңгеге жуық қаржы игерілмей қалуы ықтимал. Бұл ретте, облыс әкімі аудан басшыларына:

–Мемлекет қазынасынан бөлінген қаржыны 10 айда тиімді пайдаланбасақ, қалған 2 айда қалай игереміз? Мемлекет қаржысын бұлай жауапсыз жұмсайтын болсақ, сапасыз құрылыстар, пайдасыз кәсіпорындар көбейеді. Одан халыққа не пайда? Мұның барлығы жыл басынан жоспарсыз, ұйымдастырусыз, бақылаусыз жұмыс істегеннің салдары,–дей келе, аудан-қала басшыларына әлеуметтік-экономикалық салалардағы жобаларды іске асырғанда, оның халыққа пайдасын қарастырып, кейін іске асырарда жауапты мердігерлердің қатысуын қадағалауды және жеңіп алғандарының жұмысына толық бақылау жүргізуді тапсырды. Бұған қоса, білім беру нысандарындағы күрделі жөндеу жұмыстарын өткізуде өз міндетін дұрыс орындамаған жауапсыз мердігерлердің жұмысына тексеріс жүргізіліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылып жатқандығын айтып, ешкімге мемлекет қаржысын бей-берекет жұмсауға жол бермейтіндігін ескертті. Одан әрі аудан-қала әкімдерінің салықтық сауаттылығын жетілдіру бойынша жұмыстар ұйымдастырылатындығына тоқталды.

Отырысты қорытындылаған облыс әкімі даму көрсеткіштерін орындау бойынша алдыңғы лекте болуы үшін барлық бағыттағы жұмысты жандандыру қажеттігінатап өтті.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар