Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетаулық кәсіпкердің жер учаскесіне жалдау мерзімі ұзартылды - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетаулық кәсіпкердің жер учаскесіне жалдау мерзімі ұзартылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне жергілікті атқарушы органдарға шағыммен бөлшек сауда саласындағы жеке кәсіпкер жүгінді.

Азық-түлік дүкенінің иесі аукционда сатып алынған жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту туралы мәселесімен Көкшетау қаласының әкімдігіне бірнеше рет жүгінген болатын.

Алайда шенеуніктер жерді уақытша пайдалану мерзімін ұзарту кезінде жалға алушының шарттары мен іс-қимыл тәртібін тиісті түрде түсіндірмей, немқұрайлы жауап берген. Жалға беруді уақтылы ұзартпау бизнесті дұрыс жүргізуге кедергі болуы мүмкін.

Департамент қала әкімдігі басшылығының қатысуымен кездесу өткізіп, қорытындысы бойынша ЖАО ЖК-ның бұрын жолдаған барлық өтініштеріне тиісті түсініктемелер берді.

Нәтижесінде, ағымдағы жылдың қыркүйек айында қалалық әкімдіктің қаулысымен жер учаскесіне уақытша жер пайдалану туралы шарт бес жылға ұзартылды.

Фото: https://usiminsk.by/

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар