Бүгін қарашаның 5-і республика тарихында алғаш рет 45 аудан мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау өтіп жатыр.
Ақмола облысында Ақкөл, Астрахан, Есіл, Жақсы және Шортанды аудандарының әкімдері сайланады.
Сайлауға 79148-ден астам ақмолалық қатысады.
Алғаш рет тарихи маңызы бар науқанда 518 жас өз дауысын береді. Ең көп дауыс берушілер Шортанды ауданында тұрады-206. Есіл ауданында -147, Ақкөл ауданында -136, Астрахан ауданында -17 және Жақсы ауданында-12.