Жуырда өңірлік коммуникациялар қызметінде Сандықтау ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков «Сандықтау ауданының 2023 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» брифингі болып өтті.
Брифинг барысында аудан әкімі шаруашылықтағы егін, өнеркәсіп саласына қысқаша тоқталып, білім, мәдениет салалырындағы әлеуметтік-эконикалық өсу мен атқарылған жұмыстар туралы БАҚ өкілдеріне баяндап берді.
– Жол желісін дамыту кез-келген аймақ үшін маңызды бағыт болып табылады. Мәселен, облыстық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 300 миллион теңгеге автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары жалғасты. Новоникольское ауылына 18 шақырым кіреберіс жол, ұзындығы 9 шақырым учаскеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Оған қоса, құны 48 миллион теңгеге ұзындығы 9,7 шақырымды құрайтын «Белгородское – Раздольное» аудандық маңызы бар тас жолға аудан шекарасына дейін жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жолдардың сапасын арттыру мақсатында 100 миллион теңгеге Петровка ауылында – 3,3 шақырым, 192 миллион теңгеге Балкашино ауылында – 3,5 шақырым жол желілеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Лесное ауылындағы ауылішілік жолдарды орташа жөндеу – 2,1 шақырымды құрайды. Балкашино ауылындағы Некрасов жолағын жөндеуге, жаяу жүргіншілер жолы мен нөсерлі су бұру жүйесін салуға, жол белгілерін және жасанды тегіссіздіктерді жоюға 89 миллион теңге бөлініп, ұзындығы 5,2 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынды, – дейді аудан әкімі.
Сондай-ақ, ауданда тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары да жалғасуда. Мәселен, Новоромановка ауылында ұзындығы 9,8 шақырым болатын су құбырын тарту жұмыстары аяқталуда. Белгородское кентіндегі сумен жабдықтау желілерін қайта құру жұмысына қосымша қаржы қажет екені белгілі болды. Каменка ауылында құны 508,6 миллион теңгені құрайтын су құбырының құрылысын жүргізуде, жұмысты аяқтау келесі жылға арналған. Сонымен қатар, құны 504 миллион теңгеге болатын Красная Поляна, Петриковка және Арбузинка ауылдарына топтық су құбырын тарту жұмыстары басталғанын, 2023 жылға Беларусь Республикасынан жүз миллион теңге бөлінгенін де жеткізген аудан әкімі, бүгінгі таңда он екі шақырымға жуық тартылған желінің мерзімі 2024 жылы аяқталатынынан хабардар етті. Оған қоса, Богородка ауылындағы су желілерін жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, «сыртқы электрмен жабдықтау желілерін салуға сексен бір миллион теңгеге қосымша қаржыландыру қажет», дегенді де атап өтті.
Сондай-ақ, Сандықтау ауданында ағымдағы жылдың тоғыз айында құрылыс жұмыстарының көлемі 1,4 миллиард теңгені құраған. 2023 жылға нақты құрылыс көлемінің индексі 111,5 пайызды құраса, бұл тұрғыда аталмыш ауданы облыс бойынша он төртінші орында екені айқын болды.
– 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында тұрғын үйді пайдалануға беру 1474 шаршы метрді құрады. Биылғы жылдың соңына дейін тағы екі мың шаршы метрге жуық тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Облыстық бюджет есебінен – 185 миллион теңгеге Балкашино ауылында жастардың бос уақытын қамту орталығы салынды. 2024 жылы Балкашино ауылында он алты пәтерлі тұрғын үй мен жабық хоккей кортының құрылысын қаржыландыруға өтінім беру жоспарланған. Биыл бұл нысандардың құрылысына жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге аудандық бюджеттен 5,5 миллион теңге бөлінді, – деп түйіндеді сөзін Ербол Кәрімұлы.
Сонымен бірге, ауданның негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі он миллиард 853,4 миллион теңгені құраса, биыл ауданда елуден астам жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 4,3 миллиард теңгені құрайтын он бес инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.
Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.