Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Уақытында қолданылған шаралар қиыншылықтан алып шықты - АРҚА АЖАРЫ

Уақытында қолданылған шаралар қиыншылықтан алып шықты

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Кенеш Әлімжановтың қатысуымен облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мәселелеріне арналған брифинг болып өтті.

Ағымдағы жылы облыс бойынша 5,3 миллион гектар дәнді және бұршақ дақылдардан 3 миллион тоннадан астам астық бастырылды. Өткен жылмен салыстырғанда астық көлемі 2,6 миллион тоннаға аз болып шықтыжәне өнімділігі де гектарына 6,4 центнерден ғана айналды. Бұл жағдайды басқарма басшысы былай түсіндірді, «Өздеріңіз білетіндей, бүкіл вегетациялық кезеңдегі жауын-шашынның нормадан екі есе аз түсуі және қалыптан тыс жоғары температура түріндегі табиғи-климаттық жағдайлар астық шығымының төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. Ал, тамыз айының үшінші онкүндігі мен қыркүйектегі толассыз жаңбырдан ауыл шаруашылығы дақылдарының сапалық көрсеткіштері айтарлықтай нашарлады».

Кенеш Ғалыбекұлының айтуынша, ағымдағы жылы осы жағдайға байланысты Ақмола облысының әкімі өңірлерге алғашқы сапарын Атбасар ауданынан бастап, онда астық жинау науқанының түйткілді мәселелері бойынша облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кездескен болатын. Осы кеңестің қорытындысы бойынша облыс әкімінің өкімімен жұмыс тобы құрылып, оның құрамына мемлекеттік органдар,  прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, полиция департаменті, кәсіпкерлер, Агроөнеркәсіптің аумақтық инспекциясы, Азық-түлік корпорациясы, «Көкше» ӘКК өкілдері, облыстық мәслихат депутаттарыкірген. Осындай жұмыс топтары облыс өңірлерінде де құрылған. Нәтижесінде осыжұмыс топтарының облыс шаруаларына несиелік міндеттемелерін ұзартуға көмек көрсету бойынша «Кең Дала» бағдарламасы аясында көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген несиелеу бойынша 39,5 миллиард теңге сомасына 444 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріқаржымен қамтылған. Несиелеу шарттары бойынша қайтару мерзімі ұзартылып, 2024 жылдың 1 наурызына белгіленіп отыр. Ауыл шаруашылығын қаржыландыруда негізгі рөл атқарып келген «Азық-түлік корпорациясы «ҰК» АҚ-ының тауарлық кредиттер беру шеңберінде облыстың он жеті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен жиырма бір келісім-шарт жасалып, оның көлемі 65,5 мың тонна астықты құраған. Қазіргі жағдайда оның 2,4 мың тоннасы немесе 3,4 пайызы қайтарылған. Тағы бір ауыл шаруашылығын қаржыландыратын тауарлық өнімдерді форвардтық сатып алу бағдарламасы іске асырылып келген. Бұл бағдарламаның нәтижесінде 59,2 мың тонна астық жеткізу көлемімен 4,1 миллиард теңгеге елу екі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қаржыландырылды.

Құрылған аудандық жұмыс топтары да табиғи-климаттық жағдайдан зардап шеккен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің егіс алқаптарына шыққан. Комиссия жұмысының аясында 2,9 миллион гектарға жуық алқапта дәнді дақылдардың өнуі анықталып, бұл дәнді және бұршақ дақылдары алқабының 59 пайызын құраған. Оған қоса, 176,4 мың гектар дәнді дақылдардың, 11,3 мың гектар майлы дақылдардың шықпай қалу фактілері анықталған. Осы тұрғыда мәселе шешімін табу үшін облыс әкімі Қазақстан Республикасының Үкіметіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге несиелік міндеттемелерді ұзарту, астықты кептіру үшін арзанырақ дизель отынын бөлу, қолайлы сатып алу бағаларын белгілеу, субсидиялауға қосымша қаражат бөлуде көмек көрсету туралы хат жолдаған. соның арқасында, жоғарыда айтылған несиелік және қаржылық жобалардан бөлек Ақмола облысы үшін литрі 250 теңгеден 90,5 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Сонымен қатар, астық кептіруге 20 мың тонна жанар-жағармай және 1 мың тонна сұйытылған газ бөлініп, астық қабылдау шаралары ойдағыдай аяқталған.

Қабылданған шаралардың арқасында бүгінде облыстың элеваторларында толық кептіруден өткен үш миллион тоннадан астам астық бар.

– Несиелік міндеттемелерді ұзарту мәселесі бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен сұраныста түсуде, олардың басым бөлігі мақұлданды, қалғаны қарастырылуда, – деп түйіндеді брифинг соңында К.Әлімжанов. Шаруаларды мемлекеттік қолдау мәселелері де назардан тыс қалмауда. Мәселен, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бюджеттік өтінімі аясында ағымдағы жылы бөлінген 106,4 миллиард теңгені есептемегенде, 1,5 миллиард теңге қосымша субсидия берілген.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар