Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
АИТВ-мен күресті қауымдастықтар басқарса, нәтижесі болады - АРҚА АЖАРЫ

АИТВ-мен күресті қауымдастықтар басқарса, нәтижесі болады

Ақмола облысында инъекциялық есірткі қолданатындар арасында адамның иммун тапшылығы вирусымен сырқаттанушылық екі есеге жуық азайды. Бұл жөнінде Ақмола облыстық АИТВ инфекциясының алдын-алу орталығының бас дәрігері Құрманбек Бұрмағанов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндады.

«ЮНЭЙДС»  бағдарламасы  ұсынған биылғы жылдың  ЖИТС-пен күрес күнінің ұраны «Көшбасшылық-қауымдастықтар» деп сипатталатыны  бекер емес. Бұл күні бүкіл әлемдегі адамдар ынтымақтастық пен АИТВ инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеуде батыл әрекет ету қажеттілігі төңірегінде күш біріктіреді.

Халықаралық сарапшылардың пікірінше, егер күресті қауымдастықтар басқарса, әлем  бұл дертті жоя алады. Алайда, қауымдастықтарды шоғырландыру және оларға республикалық және жергілікті деңгейлерде алдын алу, адвокаттық іс-шараларды іске асыруға қатысу тетіктерін ұсыну қажет. Бұл АИТВ инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу жөніндегі қызметтердің инновацияларын енгізуге, бақылануына және сапасына мониторинг жүргізуге ықпал ететін болады.

−Қарапайым сөзбен айтқанда, қауымдастықтарды дамытуға және оларға АИТВ инфекциясының алдын алу бағдарламаларын әзірлеуге және бақылауға қатысу құқығын беруге ерекше назар аудару қажет. Біздің облыста жұқтыру қаупі жоғары қауымдастықтарды жандандыру үшін зиянды азайту бағдарламасы жұмыс істейді, онда біздің орталықтың медицина қызметкерлері мен еріктілері алдын алу шараларын бірлесіп жүргізеді. Халықтың негізгі топтары арасында АИТВ инфекциясының алдын алу ісіндегі медицина қызметкерлері мен аутрич қызметкерлердің осындай симбиозы біздің облыстағы эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді, − деді облыстық  АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының бас дәрігері Құрманбек  Бұрмағанов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, 2023 жылдың он айында профилактикалық бағдарламамен 950-ден астам адам қамтылды Орталықтың медицина қызметкерлерінің қауымдастықтар қатарындағы еріктілермен және аутрич-жұмыскерлер деп аталатын профилактикалық бағдарламаның клиенттерінің ортасына қол жеткізе алатын тұлғалармен үйлесімді жұмысының арқасында инъекциялық есірткі қолданатын адамдар арасында сырқаттанушылықтың екі есеге жуық төмендеуіне қол жеткізілді.

− Егер 2020 жылы есірткіні инъекциялық қолдану жаңадан анықталған жағдайлардың 33 пайызын құраса, 2021 жылы 26 пайыз, 2022 жылы 18 пайызды құрады. Халықтың негізгі топтары арасында АИТВ инфекциясының алдын алу ісіндегі медицина қызметкерлері мен аутрич-қызметкерлердің мұндай симбиозы біздің облыстағы эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді, – дейді Құрманбек Бұрмағанов.

Медициналық ұйымның бас дәрігері профилактикалық бағдарламаның жұмысына байланысты кейбір мифтерді жоққа шығарды.  Яғни, бір қарағанда, қауіпті инъекциялық және жыныстық мінез-құлық осылай ынталандырылатын сияқты көрінуі мүмкін. Алайда, негізгі мақсат АИТВ инфекциясы, вирустық гепатит және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар қаупі туралы хабарлау арқылы қауіпті жыныстық және инъекциялық мінез-құлықтан бас тартуға арналған бағдарлама клиенттерін ынталандыру болып табылады.

Брифингте профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Балғын Сарбасова  Ақмола облысында АИТВ инфекциясының алдын алу екі бағытта жүргізілетінін айтып өтті.

− Бұл – инфекция қаупі және бүкіл халық пен негізгі топтардың алдын-алу шаралары туралы ақпараттандыру, – деді  ол.

Спикер халық арасында АИТВ инфекциясының алдын-алу баннерлерді орналастыруды, қоғамдық орындарда бейне мен аудио жазбаларды ротациялауды, сондай-ақ, экспресс-тестілеумен ақпараттық акциялар өткізуді қамтитын әлеуметтік жарнаманы кеңінен пайдалана отырып, жүзеге асырылатынын жеткізді.   Әсіресе, көкшетаулықтарға  орталық қызметкерлерінің  адамдар көп жиналатын жерлерде өткізетін ақпараттық акциялары ұнады. Бұл іс-шаралардың ерекшелігі – пайдалы ақпараттан басқа, әркім АИТВ-ға жедел тестілеуден өтіп, акция өтетін жерде өзінің мәртебесін біле алады.

Брифинг соңында орталықтың медицина қызметкерлері барлық адамдарды қарапайым алдын алу шараларын сақтауға және қауіпсіз жыныстық және инъекциялық мінез-құлықты ұстануға шақырды.  Сондай-ақ, Көкшетау қаласында Ашық есік күні, халықтың негізгі топтарын тарта отырып, дөңгелек үстел, жастар денсаулық орталықтарымен және ресурстық орталықтармен семинарлар, колледждер мен  университеттердің студенттерімен ақпараттық кездесулер атап өтті.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар