Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Назарбаев зияткерлік мектебінің өркендері - АРҚА АЖАРЫ

Назарбаев зияткерлік мектебінің өркендері

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы «Назарбаев зияткерлік мектебі» директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Сымбат Зікірина мен білім ордасының PR-менеджері Ұлан Зейнелқабден аталмыш мектеп оқушылардың ғылым мен білім жолындағы жетістіктері,  «виртуалды мектеп» жобасына тіркелу жайы туралы айтып берді.  

2009 жылы облыс орталығы Көкшетау қаласында физика-математика бағыттағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» филиалы ашылды. Бүгінде бұл мектепте 800-ден астам оқушы білім алуда. 2011 жылдан бері білім ордасынан 900-ден аса түлек түлеп ұшты.  Бүгінде олар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық, Назарбаев, Қазақстан-Британ техникалық, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеттері, Қазақстан экономика және болжау менеджменті институты және басқа да беделді отандық жоғары оқу орындарында білім алуда. Сондай-ақ, мектеп түлектерінің бірқатары Ұлыбритания, Канада, Гонконг, Қытай, Оңтүстік Корея, Сингапур, Кипр, Испания, Италия, Швейцария, Венгрия, Польша, Болгария, Эстония, Литва, Ресей, Беларусь университеттерінде табысты білім алуда.

Білім ордасындағы дарынды оқушылардың шығармашылық жұмысын ұйымдастыру  оларды ғылыми жобалар конкурстарына, олимпиадаларға, стартаптарға, ғылыми конференцияларға қатыстыруға, ғылыми ізденістері бойынша авторлық куәліктерін рәсімдеуге, рейтингтері жоғары әлемдік университеттерге оқуға түсуіне көмек көрсету бағытында жүргізіледі. Білім ордасының оқушылары аймақтық, республикалық және халықаралық ғылыми жоба байқауларына қатысып, түрлі жетістіктерге ие болып келеді. Атап айтқанда, өңірдегі жасыл экономиканы дамыту және жастардың белсенділігін арттыру бағытындағы «ECO AQMOLA» экологиялық жобалар көрмесінде оқушылары алдыңғы жүлделі орынға ие болыпты. Жас ғалымдардың инновациялық идеялары мен жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, олардың бастамаларына қолдау көрсететін «Aqmola POWER» инновациялық идеялар мен жобалардың аймақтық байқауында да білім ордасының оқушылары жеңімпаз атаныпты. Республикалық «Shoqan Ecology-2023» жас ғалымдардың экологиялық форумында, «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығы өткізген ғылыми жобалар байқауында жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан көрініпті.

– Жақында оқушымыз Асылхан Қалидің «Ақ жол» жобасы АҚШ-тың Даллас қаласында өткен «Regeneron ISEF» конкурсына ұсынылып, республика атынан қатысуға жолдама алды. Біздің Жақсылық Дінмұхаммед, Расул Мейрам, Айгерім Есіләмова мен Мадина Абатова есімді оқушыларымыз ауыл шаруашылығы алқаптарының сапасын бақылауға мүмкіндік беретін құрылғы ойлап тапты. Сөйтіп, аталған жобамен Индонезияда өткен «Жастардың Халықаралық ғылыми жәрмеңкесі-2023» онлайн-байқауында алтын медаль иеленді. Қараша айында 12 сынып оқушылары Қытайда өткен «7th belt and road» ғылыми лагеріне Қазақстан құрамасының атынан қатысып, «Үздік команда», «Үздік презентация» және «Үздік жобалаушы» аталымдары бойынша марапаттарға ие болды. Сонымен бірге, оқушыларымыз президенттік, республикалық пәндік, әлемдік робототехника олимпиадаларына қатысып, алдыңғы орындарды бағындырып жүргені белгілі. «World Robot Olimpiad-2023» әлем чемпионатының ұлттық кезеңінде 9-сынып оқушылары Қайрат Ескен мен Даниэль Жақыпов үздік бестікке кірсе, 8-сынып оқушылары Арслан Есболат пен Асанәлі Бекмағамбет жүлделі 2-орынды иеленді. Оқушыларымыз түрлі деңгейдегі стартап конкурстарға да қатысып, қомақты қаржылай сыйлықтармен марапатталуда, –деді білім ордасы директорының орынбасары Сымбат Зікірина.

Аталмыш мектеп оқушыларының ғылыми конференцияларға қатысқан жұмыстары мақала болып жариялануда. Биыл 35 оқушының 30 мақаласы жарық көріпті. Сонымен қатар, мектептің 19 оқушысы өз ғылыми жобалары бойынша авторлық құқыққа ие болған. Бұл жетістіктер оқушылардың әлемнің жетекші университеттеріне түсуіне мүмкіндік ашады. Жақында 2 оқушы әлемнің озық оқу орындарынан шақырту алыпты. 12 сынып оқушылары Абылайхан Мұхамеджанов АҚШ-тың «Lehigh University» грантын иеленсе, Радмир Хабибулин Қытайдың «City University of Hong Kong (CityU)» оқу орнының грантына ие болыпты. Өз кезегінде PR-менеджер Ұлан Зейнелқабден:

–Қазір біздің «Виртуалды мектебімізге» тіркелу жүріп жатыр. Науқан 18-желтоқсанға дейін жалғасады. Бұл – жалпы білім беретін мектептердің 6-сынып оқушыларына NIS-тегі конкурстық іріктеуге тегін дайындалуға мүмкіндік береді. Оқыту мен тест тапсырмалары – ағымдағы жылғы 23 қазан мен 18 желтоқсан аралығында ашылады.  Қорытынды тестілеу 11 желтоқсан мен 18 желтоқсан аралығында өтеді. Осы тестілеуден кем дегенде 50 және одан да жоғары пайыз жинаған оқушылар «Каникулярлық мектепке» шақырылады. Каникулярлық мектеп желтоқсан-қаңтар айларында өтеді. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» 2024-2025 оқу жылына арналған 7 сыныпқа конкурстық іріктеуге құжат қабылдауды 2024 жылғы 8 қаңтардан 10 ақпанға дейін жүргізеді. Кешенді тест 2024 жылғы 28,29 наурыз күндері өтеді, –деп аталмыш білім ордасында оқуға үміткер оқушыларды ақпараттандырды.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар