Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ер баланың болашағын ойлау жөргектен басталады - АРҚА АЖАРЫ

Ер баланың болашағын ойлау жөргектен басталады

Жақында бір уролог маманның жөргектің, яғни, қазіргі түсінікпен  айтқанда памперстің зияны жайлы әңгімесін тыңдадым.

Маманның айтқаны өте дұрыс. Жөргек көп киген ер балалар келешекте табиғи жолмен бала сүйе алмай, медициналық ұрықтандыруға жүгінеді екен, оның себебі «ұлы сөзде ұят жоқ» демекші, ер балаға жөргек көп кигізілгенде аталық ұрықтары пісіп қалып, әлсіреп кетеді екен.

Бүгінде жастарымыз бас қосып, шаңырақ көтергеннен кейін қаншама жылдар сәби сүйе алмай, қиналады. Бір таныс құрбым тұрмысқа шыққаннан кейін 13 жылдан кейін әрең дегенде экстракорпоральді ұрықтандыру, яғни, эко арқылы сәби сүйді. Құрбыммен әңгімелескенімде, медициналық тексерістерден кейін күйеуінің ұрығы әлсіз екені анықталыпты. Қазақы жолмен үлкендер берген кеңес бойынша талай көзі қарақтының табалдырығын да тоздырған, жарнамаланған биоактивті қоспаларды, яғни, дәрумен толықтырушы қоспалардың түр-түрін де ішкен, бірақ, бала болмаған. Сөйтіп, былтыр экоға жүгінді.

Көп жағдайда экоға жүгінушілердің басым бөлігі – ер адамның ұрығының әлсіз болуынан дейді көп жағдайда мамандар. Бүгінде ерлердің ұрықтарының әлсіз болуы сәби кезінде аналарының жөргектерді көптеп қолдануынан екен. Осы жөргектерсіз де аналарымыз бізді өсіріп жеткізді ғой, бірақ біз баланың жаялықтарын қайта-қайта жуа бермес үшін, сол жөргектерді зияны бар болса да пайдаланамыз. Сапарға шыққанда болмаса, бала үйде болғанда жөргексіз жүргізген жөн көрінеді.

Өткенге көз жүгіртсек, осы жөргектер біздің елімізге өткен ғасырдың 90-шы жылдары жеткізіліпті. Әуел баста ауру балаларға арнап шығарылған екен. Көрші Ресей нарығына бізден 15-20 жыл бұрын енген. Кей балаларға туа сала жыныс мүшесінің ақаулығына байланысты операция жасалады, міне, соларға дәрігердің кеңесімен жөргек кигізіледі. Біздер болсақ, оны дені сау балаларымызға кигіземіз. Бұл баланың келешегі үшін өте қауіпті екендігіне мән бермейміз. Енді шамалап қарасақ, қазіргі бала сүйе алмай жүрген жастардың басым бөлігінің жасы 25-30-дар шамасында, яғни, жөргектердің біздің елге келіп, халықтың жаппай қолдана бастаған кезінде туғандар. Ұлттық диагностика орталығының уролог маманы Мақсат Рыспаев:

–Ер адамның жыныстық органдары екі түрлі қызмет атқарады. Біріншіден, тестесторон бөледі, екіншіден сперматозоид шығарады. Енді біз медицина маманы болғаннан кейін, нені қалай бар, солай айтуымыз керек. Қазақта «ұлы сөздің ұяттығы жоқ» деген екен осындай мәселелерде. Сондықтан, былай тарқатайын. Ерлердің аталық мүшелері сыртта орналасқан. Себебі, дененің температурасы 36 градус, ал оған қажетті температура 32 градус. Ал, егер сол ер балаға памперс кигізсеңіз, оның жұмыртқасы қызады, себебі жөргектен іштегі температура артады. Бала кіші дәрет жіберіп, дымқылданғанда ол температура тіпті 38-39-ға дейін барады. Сол кезде жұмыртқаның ішіндегі спермотозоид жасап шығатын клеткалар өліп қалады. Ұрықтың формасы мен ДНК-сы бұзылады. Кейін бала өскенде одан әйел жүкті болса да, баланың түсіп қалу ықтималдығы жоғары болады, – дейді.

Маман баланың өмірін жөргексіз елестете алмайтын ата-аналарға:

–Егер памперс кигізсеңіздер, баланың өз размерінен бір өлшем үлкенін пайдалану керек. Сол кезде қысылып қалмай, ішіне ауа кіріп тұрады. Қатты қызып кетпейді. Ал, бала рефлексі дамып, бір жас алты айдан асқанда горшокқа отырғызып, әжетханаға отыру қабілетін қалыптастыру қажет. Баланы үйрету үшін әр үш сағатта тосу керек, бұл норма, –деп кеңес береді.

Жалпы, біздер қазақтар еліктегіш келетініміз жасырын емес. Сыртта шетелдіктер нарық үшін бір зат шығарса, оның ұрпақ үшін пайдасы бар ма, жоқ әлде зияны басым ба, онысына мән бермей, қолданысқа енгізе саламыз. Әйтеуір, елдің бәрі қолданады екен деп, өзімізді «бала таза жүреді» деп алдарқатып, осындай жөргектерді кигізуге әуеспіз. Ұлт болашағын ойласақ, дені сау ұрпақ өсуін көздесек, шет елдің сәбилерге арнап шығарған кез келген затын пайдаланарда ойланып алайық. Білмесек, мамандарға жүгініп сұрайық.

Ы.ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар