Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан Үкіметі мен ArcelorMittal арасындағы ArcelorMittal Temirtau және ArcelorMittal Tubular Products Aktau-ды беру жөніндегі келіссөздер сәтті аяқталды - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан Үкіметі мен ArcelorMittal арасындағы ArcelorMittal Temirtau және ArcelorMittal Tubular Products Aktau-ды беру жөніндегі келіссөздер сәтті аяқталды

Қазақстан Үкіметі мен ArcelorMittal халықаралық компаниясы қазақстандық Мемлекеттік тікелей инвестициялар қорының ArcelorMittal Temirtau JSC және ArcelorMittal Tubular Products Aktau JSC металлургиялық кәсіпорындарының барлық акцияларын «Qazaqstan Investment Corporation»АҚ (QIC) сатып алуы туралы келіссөздерді сәтті аяқтады. Бұл мәміле осы кәсіпорындардың болашағы мен олардың тұрақты дамуы үшін өте маңызды.

Келісімшартқа сәйкес, QIC ребрендингке ие болатын және жаңа атау алатын осы кәсіпорындардың қызметі үшін толық басқару мен жауапкершілікті өз мойнына алды. 1995 жылдан бері осы активтерге иелік еткен ArcelorMittal Қазақстанда металлургия және тау-кен өндіру салаларының дамуына айтарлықтай ықпал етті.

Жаңа иесі – Қазақстан Үкіметі осы кәсіпорындардың бизнес-процестерінің сақталуы мен тиімділігін жақсарту бойынша ғана емес, сонымен қатар олардың тұрақты жұмысы мен инновацияларды енгізуді барынша қамтамасыз етуге ұмтылуда.

Мәміле құны 286 миллион АҚШ долларын құрады, бұл ArcelorMittal меншікті капиталының 800 миллион долларға төмендеуіне әкелді. ArcelorMittal басшылығы қызметкерлерге соңғы 28 жылдағы үлестері мен жетістіктері үшін алғыс білдіріп, Қазақстанда өткізілген уақыттың маңыздылығын атап өтті.

ArcelorMittal сонымен қатар Қарағанды облысының денсаулық сақтау және білім беру саласындағы жобаларды қолдауға, оның ішінде Теміртау қаласын дамытуға бағытталған «Қазақстан халқына» қайырымдылық қорына 16 миллиард теңге бөлді.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар