8 желтоқсан күні сағат 08-10-да дәнекерлеу жұмыстары аяқталып, жүйеге су берілді.
«Степногорск теплотранзит» ЖШС мамандары ағып кетуді жою және азаматтардың үйлеріне жылу беруді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов оқиға орнында.
Естеріңізге сала кетейік, кеше кешкі уақытта Ақмола облысының Степногорск қаласында қаланың кварталішілік жылу магистралінде жарылыс болған еді.
Соның салдарынан бірқатар көпқабатты үйлерге жылу беру тоқтатылды.
Дереккөз: www.gov.kz