Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Төрт түлік малымызға індет жоламасын деп... - АРҚА АЖАРЫ

Төрт түлік малымызға індет жоламасын деп…

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына биылғы Жолдауында ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығына қатысты қадау-қадау мәселелерді атап айтты. Осы тұрғыда, «алдымызда тағы бір өте маңызды міндет тұр. Біз агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасауымыз керек. Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті өте зор. Бірақ, біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырмыз» деген сөзі бізге, мал дәрігерлік қызметке де тікелей қатысты. Өйткені, бұл саладағы нәтижелі жұмыс біздің бәріміздің, соның ішінде төрт түлік малдың аман болуын қадағалайтын мал дәрігерлерінің де жұмысынан құралады.

Өңірде мал шаруашылығы дамып келеді. Төрт түліктің басының өсуі мал азығына ғана емес, жұқпалы аурулардан сақтап, дер кезінде дерттің алдын алуға да байланысты.

Осыған келсем, бүгінгі таңда облыста 545 мың бас ірі қара, 787 мың ұсақ мал, 287 мың бас жылқы және жүздеген түйе бағылуда. Үстіміздегі жылы әрқилы мал ауруларынан сақтанып, алдын алу үшін межеленген жоспарлы жұмыс біршама тиянақты атқарылды. Нақтырақ айтсақ, 6,7 миллион жануар мен құсқа вакцина егілді. 1,3 миллион жануар мен құстар аса қауіпті індеттерге байланысты тексеруден өткізілді. Қыруар жұмысты атқаруға қомақты қаржының қажет екендігі белгілі. Ағымдағы жылы ветеринарлық қауіпсіздікті сақтау үшін облыстық бюджеттен 2,5 миллиард теңге қаражат бөлінді. Жыл басынан бері мөлшерленген қаржы көлемі толық игерілді. Осылайша, жануарлар мен құстарға вакцина егіліп, зерттелді. Ірі қара малдың қанынан 389 мың сынама алынды. Бұл орайдағы жоспардың 105 пайызы орындалғандығын айта кету керек. Ұсақ мал да 107 пайыз зерттеліп, жұқпалы аурудың алдын алуға байланысты қыруар жұмыс атқарылды. Жоспардан тыс атқарылған қыруар іс те бар.

Әрқилы індеттің алдын алу барысында қолбайлау болып отырған түйінді мәселені де айта кетуіміз керек. Мәселен, өңірде 265 мал қорымы бар. Оның 8-і типтік қорым, 257-сі бұрыннан пайдаланылып келе жатқан мал қорымдары. Елді мекендерге төрт түлік малдың өлексесін залалсыздандыру үшін үлгілі мал қорымдары қажет-ақ. Бұл мәселені түбегейлі шешу үшін облыс әкімдігі «Облыс аумағында пайдаланылатын мал қорымдарын сәйкестендіру және жаңа үлгідегі мал қорымдарын кезең-кезеңімен салу жөніндегі 2019-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын» бекітті. Шынтуайтында, бұл көптен бері көтеріліп келе жатқан мәселе болатын. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 108 жер телімі рәсімделген. Өңірдегі аудандарда жақсы мысалдар да бар. Мәселен, жоғарыда аталған жоспарға сәйкес, Біржан сал ауданында жалпы сомасы 70 миллион теңгені құрайтын 5 мал қорымы салынды. 2022 жылы осы мақсатқа 22,1 миллион теңге қаражат бөлінді. Әзірге 10 ауданда мал қорымын салуға қажетті құжаттар әзірленуде. Ақкөл, Бұланды, Бурабай тәрізді бірқатар аудандарда 8 типтік мал қорымын салуға бюджеттік өтінім беру жоспарланып отыр. Заңнамаға сәйкес мал иелеріне санитарлық союға жіберілген ауру  малдардың орташа нарықтық бағасының көлемі мен шығындарын 30 пайызға өтеу көзделген. 2022 жылы мал иелеріне өтемақы төлеу үшін 176 миллион теңге бөлінді. 1702 бас ірі қара мен 736 ұсақ мал шығыны өтелді. 2023 жылға 76,5 миллион теңге қаражат қарастырылып отыр. Күні бүгінге дейін 550 бас ірі қара мен ұсақ мал үшін 59,1 миллион теңге көлемінде өтемақы төленді. Бұл мақсатқа бөлінген қаражат 77,3 пайызға игерілді.

Аурудың алдын алу туралы тілге иек еткенде көптен бері қоғамда саналуан пікір тудырып жүрген қаңғыбас ит-мысықтың санын азайту, реттеу мәселесі туралы да айта кету керек. Заң күшіне енгеннен кейін ветеринария басқармасы «Ақмола облысында жануарларды аулау, уақытша ұстау қағидаттары» туралы негіздеме дайындады. Ережеге сәйкес ит-мысықты аулаған кезде оқшаулауды торлар, тұзақтар, басқа да құрал-жабдықтар арқылы жүзеге асыру тәртібі белгіленді. Ағымдағы жылы облыста қаңғыбас ит пен мысықтың санын реттеу үшін 96,5 миллион теңге қаражат қарастырылған. Басқарма қаңтар айында 4 бағдарлама бойынша мемлекеттік сатып алу байқауын өткізген. Осы байқауда бірнеше серіктестіктер мен жеке кәсіпкерлер жеңіске жеткен. Олардың ыждаһатты жұмыстарының арқасында 2,3 мыңға жуық ит ұсталып, залалсыздандырылды. Басқарма мамандары жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен уақытша ұстау пункттерінің жобасын әзірледі. Алдағы уақытта уақытша ұстау пунктін салу мәселесі қарастырылуда. Мұндай орындар Ақмол ауылында, Атбасар және Көкшетау қалаларында салынбақ. Жобаның қаншалықты тиімді болатындығы жұмыс барысында анықталады. Егер нәтижелі болса, барлық аудандар мен қалаларда осындай уақытша орындар жабдықталмақ. Мамандардың есептеуіне қарағанда, уақытша ұстау пунктіне кететін шығын баспана салу мен ұстауға қарағанда арзанырақ болмақ.

Ел ішінде індет тарамау үшін осындай көп шаруа атқарылуда. Бұл – өте маңызды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін шет елге экспорттайтын болсақ, қатаң тексерістен өтетіндігі белгілі. Сондықтан, ветеринария саласын жетілдіре түсуіміз керек-ақ.

Талғат ЖҮНІСОВ,
Ақмола облысы ветеринария басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар