Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауыл шаруашылығы саласында өнім өндіру көлемі артты - АРҚА АЖАРЫ

Ауыл шаруашылығы саласында өнім өндіру көлемі артты

Ақмола облысы еліміздің негізгі аграрлық-индустриалдық аймақтарының бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығы өндірісі – өңірді дамытудың басым бағыттарының бірі. Бұл туралыӨңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингтеАқмола облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Кенеш Әлімжанов жан-жақты баяндап берді.

Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 663 миллиард теңгені құрап, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 271 миллион долларға дейін өскен. Өкінішке орай, биылғы қолайсыз ауарайы,астық түсімі мен оның сапалық сипаттамаларының төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. Дегенмен, диқандарымыздың қажырлы еңбегінің арқасында үш миллион тоннадан астам астық жиналғаны белгілі. Бұл туралы Елордада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысының әкіміМарат Ахметжанов «Ақмола облысы жыл сайын еліміздің сапалы азық-түлік бидайының төрттен бірін өндіретін жетекші ауыл шаруашылығы өңірлерінің бірі», – деп атап өткен болатын-ды. Үкімет қабылдаған шаралардың арқасында ауарайының қолайсыздығынан зардап шеккен шаруаларға айтарлықтай қолдау көрсетілген. Егін жинау жұмыстарына 90,5 мың тонна көлемінде арзандатылған дизель отыны, дәнді және майлы дақылдарды кептіру үшін 20 мың тонна және 1 мың тонна сұйытылған мұнай газы, субсидиялар бойынша берешекті өтеу, несиелік міндеттемелерді ұзарту сияқты көмектер көрсетілген. Мысалға, фермерлерге 3 пайыз мөлшерінде банктік комиссияларды өтеумен 1 жылға дейін несие уақыты ұзартылған. Осы және басқа да қолдау шаралары табиғи факторлардың жағымсыз салдарын барынша азайтуға және келесі жылғы егіс науқанына дайындалуға мүмкіндік береді.

«Біздің аймақ республика бойынша құс етін өндіруден көшбасшылардың бірі» деп облысы әкімі атап өткеніндей, ауыл шаруашылығының барлық саласын дамытумен қатар, құс шаруашылығын дамытуда да белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді. Бұланды ауданындағы «Макинская» құс фабрикасының үшінші кезегін іске қосудың, Аршалы ауданындағы «Ақ-Дала Агро» кәсіпорнының қуаттарын кезең-кезеңмен ұлғайтудың нәтижесінде құс етінің жалпы өндірістік қуаты 100 мың тоннаға жетсе, тауық жұмыртқасы 608 миллион данаға ұлғайған.

Ал, мал шаруашылығында қабылданған шаралардың арқасында биылғы жылдың басынан бері ет өндірісі 8,7 пайызға өсіп, 168 мың тоннаға жеткен. Оған қоса, 352 мың тоннаға жуық сүт өндірілген. Мемлекет басшысының үш жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңдеу өнімдерінің үлесін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау үшін облыста 73 өңдеуші кәсіпорын жұмыс істейді. Тұтастай алғанда, олардың өндірісін арттыруда оң динамика сақталуда. Мысалы, 2020 жылы – 111,1 миллиард, 2021 жылы – 141,6 миллиард, өткен жылы – 181 миллиард теңгенің өнімі өндірілсе, биылғы жылдың он айында 8 пайыз өсіммен 184,2 миллиард теңгенің азық-түлік өнімдері өндірілген. Ақмолалық ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдері Астана қаласының айналасындағы азық-түлік белдеуінде облыстың ғана емес, елорда тұрғындарының да сұранысын қанағаттандыратындықтан, ет-сүт фермаларында жаңа қуаттарды құру және қолданыстағы қуаттарды кеңейтумал шаруашылығын дамытудың басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Басқарма басшысының мәліметінше, облыста орта мерзімді кезеңге, яғни, 2023-2026 жылдарда өндіріс көлемін ұлғайту шеңберінде 290,2 миллиард теңгені құрайтын 71 маңызды инвестициялық жоба іске асыру көзделуде. Бұл жобалардың нәтижесіндежылына шикі сүтті 39,8 мың тоннаға, барлық түрдегі етті – 62,1 мың, өсімдік майын – 54 мың тоннаға ұлғайту көзделген. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасымен өңірде алғаш рет сыйақы мөлшерлемесі 2,5 пайыздан аспайтын шағын несиелер беру арқылы ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл Аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда. «Несие беру мерзімі 5 жылға дейін, соның ішінде мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін. Бұл мақсаттарға 1,2 миллиард теңге қарастырылып, 198 несие беруге мүмкіндік туған. Берілген несиелік қаражаттың негізгі бөлігі, атап айтқанда 100,5 миллионтеңге мал шаруашылығын дамытуға бағытталғанын айта кеткен жөн», – дейді Кенеш Әлімжанов.

Сондай-ақ, басқарма жер қатынастары саласында да жұмыстар атқаруда. Әрбір ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші жерді өз мақсатына сай пайдалануға міндетті. Осыған орай, жыл сайын жерді ұтымды пайдаланудың ғарыштық мониторингі жүргізіледі. Ел Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 2022 жылдан бастап Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару шаралары жүргізілуде. Өңірде мұндай 2 миллион гектар жер анықталып, ағымдағы жылы пайдаланылмай жатқан 200,2 мың шаршы метр ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылған.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар